AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Канн жұлдызы Нури Бильге Джейлан Алматыға келеді

Канн жұлдызы Нури Бильге Джейлан Алматыға келеді

Мәдениет 20.11.2024, 17:33 1,148
Канн жұлдызы Нури Бильге Джейлан Алматыға келеді
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің басты қонағы Нури Бильге Джейлан болады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.  

Түркияның атақты режиссері Джейлан Канн кинофестивалінде бірнеше рет жоғары марапаттарға ие болған. Оның «Қысқы ұйқы» атты фильмі 2014 жылы фестивальдің ең жоғары жүлдесі – «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алды. Бұдан бөлек, оның «Бірде Анатолияда» фильмдері қазылар алқасының бас жүлдесін иеленсе, 2008 жылы «Үш маймыл» туындысы үшін «Үздік режиссер» атағын алды.  

«Нури Бильге Джейлан – әлемдік кинематографияның мойындалған шебері, Түркияның беделді режиссерлерінің бірі. Оның туындылары әлемнің ең ірі кинофестивальдерін бағындырды. 2024 жылы Джейлан «Еуразия» кинофестивалінің халықаралық байқауының қазылар алқасына төрағалық етеді», – деп атап өтті Диана Әшімова.

Сонымен қатар, Нури Бильге Джейланның шығармалары басқа да беделді кинофестивальдерде жоғары бағаланды. Оның 2000 жылы түсірілген «Мамыр бұлттары» фильмі Еуропалық кино академияның ФИПРЕССИ сыйлығына ие болды. Джейланның жалпы саны 97 халықаралық марапаты бар.  

Нури Бильге Джейлан 1959 жылы 26 қаңтарда Ыстамбұлда дүниеге келген. Оны көбінесе терең мазмұнды, поэтикалық әрі интеллектуалдық туындылармен байланыстырады. Режиссер өзінің ерекше стилімен танымал. Оның фильмдерінде көркемдік эстетика мен философиялық толғаныстар үйлесім тапқан. Шығармалардың басым бөлігі уақыт, жалғыздық, естелік пен адам табиғаты туралы сыр шертеді. 

«Еуразия» кинофестивалінің халықаралық байқауының қазылар алқасының төрағасы ретінде Нури Бильге Джейлан Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырып, кинематографияға өз көзқарасын ұсынады.

 Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #фестиваль #Нури Бильге Джейлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Бүгін 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Бүгін 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Бүгін 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Бүгін 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Бүгін 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);