AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басынан бері көп балалы отбасыларға 260 млрд т...

Жыл басынан бері көп балалы отбасыларға 260 млрд теңге жәрдемақы аударылды

Әлеумет 15.12.2021, 09:49 1,186
Жыл басынан бері көп балалы отбасыларға 260 млрд теңге жәрдемақы аударылды
Сурет: Inform.kz

Биыл көп балалы отбасыларға қандай көмек көрсетілді?


Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 261,7 млрд теңгеге жәрдемақы алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«2021 жылғы қаңтардан бастап қарашаны қоса алғандағы аралықта көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 261,7 млрд теңгеге орта есеппен 446,4 мың отбасы қамтылды. Соның ішінде қарашада жәрдемақының бұл түрін 471,4 мың отбасы жалпы сомасы 26,6 млрд теңгеге алды. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады», - делінген Еңбек министрлігі мәліметінде.


Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді және 2021 жылы 46 760 теңгені (4 бала), 58 457 теңгені (5 бала), 70 154 (6 бала) теңгені, 81 852 теңгені (7 бала), 8 балаға – 93 344 теңгені, 9 балаға – 105 012 теңгені, 10 балаға – 116 680 теңгені, 11 балаға – 128 348 теңгені, 12 балаға – 140 016 теңгені, 13 балаға – 151 684 теңгені, 14 балаға – 163 352 теңгені, 15 балаға – 175 020 теңгені, 16 балаға – 186 688 теңгені немесе әр балаға 11 668 теңгені құрайды. Еске сала кетейік, көп балалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көп балалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген болатын.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көпбалалы #отбасы #жәрдемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);