Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы...

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы бопсалаудың 49 фактісі тіркелді

Заң мен тəртіп 25.11.2023, 04:37 1,356
Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы бопсалаудың 49 фактісі тіркелді
Almaty-akshamy.kz

ІІМ оқушылар арасындағы бопсалаумен күрес туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы қызметке тарту – Мемлекет басшысының ішкі істер органдары үшін бөлген маңызды мәселелерінің бірі. Сондықтан полиция олардың оқу орындарындағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.


Мысалы, елдегі мектептерде учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар және жедел қызметкерлер бекітілген.


Олардың міндеттеріне оқу орындарына үнемі бару, сабақтар өткізу, оқушылармен жеке әңгімелесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға теріс әсер ететін және қылмыстық идеологияны тарататын адамдарды анықтау кіреді.


ІІМ-нің міндеті – әр оқушы мен студентке осындай заңсыз әрекеттердің салдары туралы ескерту.


Полицейлер жасөспірімдерге 90 мыңдай сабақ өткізіп, ең маңызды мәселелерді талқылайды, олар қалпына келтірілмейтін салдарға әкелуі мүмкін, соның ішінде құмар ойындар, суицид және есірткі тұтыну.


Олар әртүрлі құқық бұзушылықтар, оның ішінде есірткі қылмыстары, қорқыту, бопсалау, вандализм және бұзақылық үшін жауапкершілік туралы айтады. Ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғатын теріс қылықтарға ерекше назар аударылады.


ІІМ қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін енгізу үшін балаларға арналған “Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы үшін” және ата-аналарға арналған “Балаңыздың зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы үшін” атты жадынамаларды әзірледі.


Олар ведомстволық сайттарда, әлеуметтік желілерде, мобильді мессенджерлерде, ата-аналар, мектеп және жалпы үй чаттарында орналастырылған.


Әңгімелер мен дәрістерден, кездесулер мен жадынамалардан басқа, полиция жергілікті рейдтер жүргізеді.


Жыл басынан бері барлығы 11 мыңнан астам ЖПІШ, рейдтік іс-шаралар, жергілікті пысықтаулар мен акциялар өткізілді.


Мәселен, кәмелетке толмағандардың түнде ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 86 мыңнан астам ата-ана мен 1,5 мың мекеме иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 9,8 мың ата-ана бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауап берді. 1,3 мың кәмелетке толмаған бала ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.


Сонымен қатар бірқатар өңірлерде оқу орындарында бопсалау фактілері анықталды. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы бопсалаудың 49 фактісі тіркелді. Жас бопсалаушының орташа портреті келесідей көрінеді. Көбінесе ол 15-17 жас аралығындағы жастар, физикалық тұрғыдан мықты, оқу оқитын және толық отбасында тәрбиеленетін балалар.


Мысалы, Талдықорған қаласындағы колледж студенттерінен бопсалағаны үшін полиция үш жасөспірімді ұстады.


Ал Алматыда университеттердің бірінде студенттерден ақша бопсалағаны үшін 4 адам ұсталды.


Жәбірленушілердің арасында кәмелетке толмағандар да бар. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш кентінде оқушылардан жүйелі түрде ақша бопсалағаны үшін 5 жасөспірім ұсталды.


Олардан бопсалаушылар 2-3 мың теңгеден алып отырған.


Аталған фактілер бойынша “Бопсалау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оның санкциялары 4 жылға дейінгі мерзімге дейін бас бостандығынан айыруды, ал адамдар тобы үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.


Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, күдіктілер ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қала #бала #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика