Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам пәтер тонаушы ұс...

Жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам пәтер тонаушы ұсталды

Заң мен тəртіп 07.08.2023, 08:40 1,050
Жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам пәтер тонаушы ұсталды
Сурет: ашық дереккөз

 Қазақстанда соңғы 5 жылда пәтер тонау қылмысы азайып келеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалды полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әсет Жүкенов айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Ұйымдастыру шаралары мен мақсатты жұмыс нәтижесінде жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам пәтер ұрысы ұсталды. Оның ішінде 100-ге жуық «гастролер» ұрылар, яғни түрлі қалаларда ұрлық жасайтындар және 175 қылмыстық топ ұсталды», - деді Әсет Жүкенов ҚР ІІМ апталық брифингінде.



Мәселен, жыл басында Алматыда Шығыс Қазақстан облысының 3 тұрғыны, яғни гастролер-пәтер ұрылары ұсталды. Олар пластикалық терезелер арқылы үйлерге кіріп, 5 рет ұрлық жасаған. Жалпы, келтірілген залал 9 млн теңгеден асты, олардың барлығы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.


Биылғы жаз маусымында жедел-іздестіру іс-шаралары арқылы Ақмола облысының Щучинск қаласының бұрын сотталған тұрғыны ұсталды. Ол осы қалада тұрғындардың жоқтығын пайдаланып, үш пәтерді тонаған. Залал 3 млн теңге болды.


Жалпы, қабылданған шаралар нәтижесінде соңғы 5 жылда пәтер ұрлығы жыл сайын орта есеппен 34,4%-ға төмендеді. 2018 жылы 34 мыңнан астам қылмыс тіркелсе, 2022 жылы 11 мыңнан аспаған. Биыл да 16,1% немесе 1 100 қылмысқа төмендеу байқалады.



«Бірақ, жеке мүлікті ұрлаған адамдар пәтерге кіру дағдылары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыратынын атап өткен жөн. Олар заманауи техниканы, ұялы байланысты пайдаланады, есіктер мен құлыптарды ашуға арнайы бейімделген құралдарды сатып алады және жасайды. Бұл ретте, негізінен пәтер ұрлығы күндізгі уақытта, атап айтқанда барлығы жұмыста немесе оқуда болған кезеңде жасалады», - деді спикер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #ұрлық #пәтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика