AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жүн өңдеушілерге мемлекет жәрдемдеседі

Жүн өңдеушілерге мемлекет жәрдемдеседі

Әлеумет 05.05.2023, 05:23 2,514
Жүн өңдеушілерге мемлекет жәрдемдеседі
Сурет: ашық дереккөз

Жүн өңдейтін кәсіпорын салуға 217 млн теңгеге дейін субсидия беріледі.









Жүн өңдеу кәсіпорындарының құрылысына кеткен шығынды инвестициялайтын қаражат көлемі 868 млн теңгеден аспауы керек. Мемлекет соның 25 пайызына субсидия береді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасына осындай өзгеріс енгізілмекші, -деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтты.



«Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасының реттеушілік саясаттың консультативтік құжатымен отандық тауар өндірушілерді қолдау, сондай-ақ сапалы тауарларды сатып алу мақсатында тапсырыс берушіге отандық өнім берушілер өндіретін бірнеше тауарлардың фирмалық атауларын көрсетуге мүмкіндік беру көзделген. Қазіргі кезде аталған заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Өз кезегінде жүнді өңдеу саласын дамыту үшін Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары шеңберінде жаңа кәсіпорындарды салу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту кезінде жүн жуу кәсіпорындарының шығындарын өтеу көзделген. Жүн өңдеу кәсіпорындары құрылысының ең жоғары рұқсат етілген құны 868 млн теңгені, кеңейту 430 млн теңгені құрайды. Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі 25% құрайды», - делінген жауапта.



Сондай-ақ, Үкімет басшысының айтуынша, жүн дайындаушы ұйымдарға мемлекеттік қолдау ретінде жүн қырқу пунктерін, жылжымалы қырқу пунктін, қой қырқатын электрлік механикалық құрал-саймандарды 25 % мөлшерде субсидиялау қарастырылған.



«Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларының жүнін өңдеу тауарлары Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларының Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг берілетін тауарлар тізбесіне енгізілген. Мемлекеттік бюджеттен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ құралдары арқылы 3% кредиттік мөлшерлемемен жеңіл өнеркәсіптің инвестициялық жобаларын қаржыландыру үшін 50 млрд теңге бөлінді», - деп жазады Әлихан Смайылов.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүн #Өңдеу #Субсидия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Кеше 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Кеше 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Кеше 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Кеше 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);