AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жұмыртқа өндірісіне субсидия екі есе артады - АШМ

Жұмыртқа өндірісіне субсидия екі есе артады - АШМ

Әлеумет 23.04.2022, 10:49 1,443
Жұмыртқа өндірісіне субсидия екі есе артады - АШМ
Cурет: Inbusiness.kz

Республикада 63 құс фабрикасы бар


Жұмыртқа өндірушілерді қолдау көлемін арттыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Түркістан облысында өткен республикалық семинар-кеңесте Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Әлемдік азық-түлік нарықтарындағы тұрақсыз жағдайға байланысты және отандық құс фабрикаларын қолдау, ішкі нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндірушілерді қолдау көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады. 
Ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіп жатыр. 
Ереже жобасында жұмыртқа өндірісінің құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативін екі есе ұлғайту көзделген, ол құс фабрикасының қуатына қарамастан, бір данасына 3 теңгені құрайды. Осылайша, қолдау шарасымен еліміздің барлық жұмыртқа құс фабрикалары қамтылатын болады, оларды субсидиялауға 6,5 млрд теңге бөлінеді, - делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Республикада 63 құс фабрикасы бар, оның ішінде 29 – ет және 34 – жұмыртқа бағытында. 2021 жылдың қорытындысы бойынша отандық құс фабрикалары сойыс салмақта 266,8 мың тонна құс етін өндірді, бұл жалпы өндіріс көлемінің 98 % құрайды. Тауық жұмыртқасы 3,5 млрд дана немесе жалпы өндірістің 74% өндірілді. Құс етімен қамтамасыз ету 66%-ды құрайды, импорт үлесі 45%-дан 39,5%-ға дейін төмендеді. Ел тағамдық жұмыртқамен 98% қамтамасыз етілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыртқа #құс #Субсидия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Президенттің жол-көлік инфрақұрылымының сапасы бойынша берген тапсырмасының орындалуы тексерілді

Бүгін 12:15

Енді жерлеу жәрдемақысын төлеу тәртібі өзгереді

Бүгін 12:07

Тоқаев: "Кітап оқыған адам ғана өмірден өз орнын табады"

Бүгін 11:07

Алматының алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты

Бүгін 09:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);