конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу облысында аламан бәйге жеңімпазы автокөлік...

Жетісу облысында аламан бәйге жеңімпазы автокөлік мінді

Әлеумет 31.08.2022, 02:20 1,450 Almaty-akshamy
Жетісу облысында аламан бәйге жеңімпазы автокөлік мінді
Сурет: Inform.kz

Жетісу облысында Алматы облысының атынан топқа түскен Абзал Тұрғанбек мінген жүйрік 50 сәйгүліктің ішінен оқ бойы оза шауып, мәре сызығын бірінші кесті. Жеңімпаз «Лада гранта» көлігіне ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бүгін Талдықорған қаласының ипподромында Конституция күніне орай 41 шақырым қашықтыққа аламан бәйге және қазақ күресінен түйе палуандар арасында ашық турнир өтті.


Қазақ күресінен өткен жарыста күш сынауға еліміздің түкпір-түкпірінен 25 палуан жиналды.


Жарыстың салтанатты ашылуына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, тұңғыш «Қазақстан барысы» Ұлан Рысқұлов, Қазақстан барысының үш дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбай қатысып, жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.


Жарыстың нәтижесіне келер болсақ, аламан бәйгеде Алматы облысының атынан топқа түскен Абзал Тұрғанбектің сәйгүлігі 50 шабандоздың ішінен оқ бойы оза шауып, мәре сызығын бірінші кесті.



Жеңімпаз «Лада гранта» автокөлігіне ие болды.


2 орын: Қабыл Айтқабыл (БҚО);


3 орын: Жорабек Бекнұр (Жамбыл облысы);


4 орын: Әбілжан Думан (Алматы облысы);


5 орын: Серік Бекнұр (Жамбыл облысы);


6 орын: Асылбеков Әсет (Жетісу облысы);


7 орын: Жолдыбай Мәди (Алматы облысы).


Қазақ күресінен Қызылорда облысынан келген палуан Мақсат Исағабылов белдескен қарсыластарының бәрін жеңіп, 1-орынға ие болды.


Жеңімпазға 2 млн теңгенің сертификаты табысталды.


Солтүстік Қазақстан облысының атынан күрескен палуан Мұхит Тұрсынов жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Оған 1 млн тг жүлде бұйырды.


3-орынға Алматы облысының атынан белдеске Мәди Еділбаев көтерілді. Жүлдегерге 500 мың теңгенің сертификаты берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бәйге #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қалалық кардиологиялық орталығының пациенті: «Операциядан кейін қайта өмірге келгендей болдым»

Бүгін 12:20

Алматыда жүрекке жылына 500-ден астам ашық ота жасайды

Бүгін 12:07

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі өтеді

Бүгін 12:05

Бағасы 79 миллион теңгеге дейін жететін жүрекке жасалатын операцияны алматылықтар МӘМС аясында тегін жасай алады

Бүгін 11:58

Алматыда 400 орындық жаңа студенттер жатақханасы салынады

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);