AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жеті жылға созылған су мәселесі шешілді

Жеті жылға созылған су мәселесі шешілді

Әлеумет 19.10.2023, 10:38 946
Жеті жылға созылған су мәселесі шешілді
Суретті түсірген - Д.Исаев

Алматының «14 аумақ» шағын ауданындағы 5 мың тұрғынды сумен қамтамасыз етудің жеті жылдық мәселесі шешілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Алатау ауданындағы «14 аумақ» шағын ауданындағы су құбыры мен кәріз желілеріне қатысты мәселені шешу бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Сондай-ақ, сол жерде тұрғындармен кездесу өтті, олар әкімге өзекті мәселелерді айтты.



«14-аумақ» шағын ауданында инженерлік желілердің тозу мәселесі соңғы 7 жылда орын алып отыр. «14 аумақ» шағын ауданындағы сумен жабдықтау және кәріз желілері 1960-1970 жылдары салынған (орташа пайдалану мерзімі 30 жыл). Жаңа желілерді салу бойынша жоба 2017 жылы жасалды, алайда «Керегетас» ЖШС компаниясы жосықсыз мердігердің себебінен жұмыстар жүргізілмеді, сот талқылаулары өтті. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың көктемінде жұмыстарды аяқтау үшін 2,7 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді. Биыл мамыр айында «Болашақ S құрылыс» ЖШС жаңа мердігерлік ұйымымен шарт жасалды.



Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков қала басшысына жұмыстардың 5 айда 75% - ға аяқталғаны туралы баяндады. Бүгіндеа 16 проблемалық көше бойынша 7,5 км сумен қамту және 5 км кәріз желілерін (барлығы 7.5 км) салу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде желтоқсан айында 5 мыңнан астам адамды қамтыған 630 үйді жаңа инженерлік желілермен қамтамасыз ету жоспарлануда.
 
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ерболат Досаев аудан әкіміне «14 аумақ» ш/а инженерлік желілерді тарту жұмыстарын аяқтау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Қала басшысы шағын аудан тұрғындарымен қарым-қатынас жасай отырып, барлық инженерлік коммуникациялар қараша айының басында жүргізілетінін, айдың соңына дейін абоненттерді қосуды аяқтау жоспарланғанын атап өтті. «14 аумақтың» тұрғындары өз кезегінде Ерболат Досаевқа шағын ауданның проблемаларын шешу бойынша қабылданған шаралар үшін алғыстарын білдірді, сондай-ақ жарықтандыруды жолға қою туралы өтініш айтты. Алматы әкімі сыртқы жарықтандыруды модернизациялаумен айналысқан жеке компанияға қарсы сотта қаланың жеңіске жеткенін, енді бұл мәселе бойынша тиісті өкілеттіктер аудандар деңгейіне берілетінін айтты. Пилоттық жоба қазіргі уақытта Алмалы ауданында жүзеге асырылуда. Алатау ауданында мәселе пысықталып, сондай-ақ шешілетін болады: 10 күн ішінде АҚЖ-мен көшені жарықтандыруға шартқа қол қою жоспарлануда, жарықты қосумен 5-6 жұмыс бригадасы айналысатын болады.


Еске салсақ,2022 жылдың басында Ерболат Досаев Алматы әкімі болып тағайындалған соң осы «14 аумақ» шағын ауданында алғаш рет болған еді. Тұрғындар 2017 жылдан бастап «Керегетас» ЖШС жосықсыз мердігердің инженерлік желілерді жүргізу мәселесін шешуді күтке еді. Енді жеті жылғы мәселе ойдағыдай шешілді. Осылайша, «14 аумақтың» жеті жылдық тарихы сәтті аяқталды. 
 
Анықтама:
Алматы қаласы бойынша ағымдағы жылдың 9 айында барлығы 46 км жаңа сумен жабдықтау желілері, 13 кәріз сорғы станциялары салынды. Жыл соңына дейін тағы 35 км сумен жабдықтау желілері мен 10 КСС құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын кезең-кезеңмен азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, ағымдағы жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуын 54,3% – ға (2022 ж. – 55,8%), су бұруды 57% – ға (2022 ж. - 57,5%) дейін төмендету жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Досаев #сумәселесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика