AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жеңілдетілген несиемен көлік беруге 75 млрд теңген...

Жеңілдетілген несиемен көлік беруге 75 млрд теңгенің өтінімі мақұлданды

Әлеумет 17.06.2022, 09:02 1,185
Жеңілдетілген несиемен көлік беруге 75 млрд теңгенің өтінімі мақұлданды
Сурет: Wikers.ru

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.


Көлік алуға жеңілдетілген пайызбен несие беру бағдарламасы аясында банктер 75 млрд теңге сомасындағы өтінімдерді мақұлдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мәжілістегі парламенттік тыңдаудан кейін тілшілер министрден аталған бағдарлама бойынша несие бөлу не себепті тежеліп қалғанын сұрады.



«Бағдарлама тоқтап тұрған жоқ. Жалпы 100 млрд теңге бөлініп, соның 75 млрд теңгесіне өтінімдер мақұлданды. Енді тағы 25 млрд теңгесі қалды. Бастапқы күндердегі қарқынмен бірден 20-30 мың өтінімді қабылдай алмайды. Өйткені бағдарлама аясында тек 25 млрд теңге қалды. Осы орайда ертең тұрғындар «неге өтінімдерді қабылдамадыңдар» деп наразылықтарын айтуы мүмкін», - деді Қ.Өскенбаев.



Сонымен қатар министрге бағдарламаға бойынша автокөлік қаншалықты жеткілікті болатыны туралы сұрақ қойылды.



«100 млрд теңгеге несиеге шамамен бірден 15-16 мың автокөлік алуға болады. Қазіргі кезде 10 мың көлікке есептелген өтінімді банктер мақұлдады», - деді министр.



Бұдан бұрын хабарланғандай, Қ.Өскенбаев аталған бағдарлама аясындағы жұмыстар бір жылмен шектелмейтінін атап өтті. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барасында қаражат револьверлік тетік арқылы бөлінді. Осы уақытқа дейін көлік алған адамдар несиесін төлей бастағаннан кейін, бұл қаражат тағы да айналымға түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ИИДМ #несие #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда инсультпен күрестің жаһандық стратегиялары бойынша халықаралық конференция өтті

Бүгін 12:05

Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

Бүгін 11:35

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты № 2, 5, 10, 20 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының хабарламасы

Бүгін 11:23

ЖОЛДАУ: білім, ғылым және инновация – денсаулық саласын дамытудың негізі

Бүгін 11:15

Алматылық дәрігер ChatGPT-мен «емделудің» қауіпті екенін айтты

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);