AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда инсультпен күрестің жаһандық стратегиялар...

Алматыда инсультпен күрестің жаһандық стратегиялары бойынша халықаралық конференция өтті

Медицина Бүгін 12:05 73
Алматыда инсультпен күрестің жаһандық стратегиялары бойынша халықаралық конференция өтті

Алматыда Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай «Инсультпен күресудің жаһандық стратегиялары» атты X халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Екі күнге созылған жиынға Қазақстан мен шетелден келген мамандар қатысып, инсультті емдеудің заманауи тәсілдерін, өлім-жітімді азайту жолдарын, науқастарды оңалту және медициналық технологияларды қолдану мәселелерін талқылады.

Конференцияны Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Жүрек және ми» азиялық қоғамы және Алматының №2 қалалық клиникалық ауруханасы ұйымдастырды.

«Қазақстан мен шетелдің жетекші мамандарын біріктірген халықаралық конференцияны ұйымдастырушылардың бірі болу – біздің аурухана үшін үлкен мәртебе. Инсультті емдеуде әр кезеңнің маңызы зор. Алғашқы белгілерді дер кезінде анықтау мен науқасты дұрыс бағыттаудан бастап, диагностиканы жедел жүргізу, мамандардың үйлесімді жұмысы, қарқынды ем және ерте оңалтуға дейінгі әрбір қадам ем нәтижесіне әсер етеді. Мұндай кәсіби кездесулер халықаралық тәжірибені бөлісуге, медициналық көмекті ұйымдастырудағы күрделі мәселелерді талқылауға және науқастарға көрсетілетін көмекті жетілдіру жолдарын айқындауға мүмкіндік береді», – дейді Алматы қалалық №2 клиникалық ауруханасының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Алмаз Джувашев.

Әлемде жыл сайын инсульттің шамамен 12 миллион жаңа жағдайы тіркеліп, 7 миллионнан астам адам оның салдарынан көз жұмады. Алматыда инсульт орталықтарына жыл сайын бес мыңға жуық науқас жатқызылады. Қаладағы 5 орталықтың 4-еуі жоғары технологиялық эндоваскулярлық ем жүргізеді. Соңғы үш жылда механикалық тромбэктомия саны екі есе артып, тромболизис рәсімдері де екі есеге жуық көбейген.

Соған қарамастан, науқастардың жартысынан астамы медициналық көмекке кеш жүгінеді. Ал инсульт кезінде алғашқы белгілерді дер кезінде тану, науқасты тиісті орталыққа жылдам жеткізу және емді кешіктірмеу аса маңызды.

«Қазіргі инсультологияда тиімді диагностика және емдеу әдістері бар. Дегенмен ең озық технологиялардың өзі әр науқастың сауығып шығуына кепілдік бере алмайды. Ем нәтижесі мидың зақымдану дәрежесіне, науқастың жасына, қатар жүретін ауруларына, медициналық көмекке жүгіну уақытына және емнің дер кезінде жүргізілуіне байланысты. Науқасты тиісті орталыққа уақтылы жеткізу, диагностиканы жедел жүргізу, көрсетілім болған жағдайда тромболизис немесе механикалық тромбэктомия жасау, мамандардың үйлесімді жұмысы және асқынудың алдын алу өлім-жітім қаупін азайтуға көмектеседі. Әрбір өлім жағдайын науқастың бастапқы жағдайының ауырлығын және медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңін ескере отырып талдау қажет. Мұның мақсаты – кінәлі адамды іздеу емес, көмек көрсету жүйесін жетілдіру мүмкіндігін анықтау», – дейді №2 қалалық клиникалық ауруханасы нейроинсульт орталығының меңгерушісі Ләззат Аяғанова.

Конференцияның алғашқы күнінде АҚШ, Ресей, Украина, Швейцария, Қытай және Қазақстан сарапшылары геморрагиялық және ишемиялық инсультті емдеу, инсульттен кейінгі оңалту, когнитивтік бұзылыстар мен деменция, сондай-ақ жасанды интеллектіні медицинада қолдану мәселелері бойынша баяндама жасады. Мамандар клиникалық тәжірибедегі өзекті мәселелерді талқылап, инсультке қарсы күресте қолданылып жүрген жаңа тәсілдер мен технологияларды таныстырды.

Конференцияның екінші күні №2 қалалық клиникалық ауруханада «Миды сақтап қалудан когнитивтік функцияларды сақтауға дейін: жаңа көкжиектер» тақырыбында шеберлік сабағы ретінде өтті. Оның жұмысы инсульттің жедел кезеңінде клиникалық шешім қабылдау, науқастың өмірін сақтап қалу және инсульттен кейінгі когнитивтік қабілеттерді барынша сақтау мәселелеріне арналды.

Шеберлік сабағын №2 қалалық клиникалық аурухананың ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, қоғаммен байланыс және цифрландыру қызметінің басшысы Бағдат Әлімбетов жүргізді. Екінші модератор – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-невролог, Қазақстан-Ресей медицина университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының «Неврология және нейрореабилитация» бойынша біліктілікті арттыру курсының жетекшісі, «Жүрек және ми» азиялық қоғамының президенті Айгүл Құдайбергенова болды.

Екі күнге созылған конференция халықаралық тәжірибе алмасуға, инсульт қызметін жетілдіруге және науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған шешімдерді талқылауға мүмкіндік берді. Жиынның негізгі түйіні – инсультпен күресте уақытты ұттырмай, мамандардың үйлесімді жұмысын және емдеудің барлық кезеңіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

Бүгін 11:35

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты № 2, 5, 10, 20 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының хабарламасы

Бүгін 11:23

ЖОЛДАУ: білім, ғылым және инновация – денсаулық саласын дамытудың негізі

Бүгін 11:15

Алматылық дәрігер ChatGPT-мен «емделудің» қауіпті екенін айтты

Бүгін 11:05

Алматыда ғалымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері Президент Жолдауын талқылады

Бүгін 10:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);