AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жедел тергеу топтары 2 мыңнан аса қылмыстық іс ті...

Жедел тергеу топтары 2 мыңнан аса қылмыстық іс тіркеген

Әлеумет 25.01.2022, 13:23 1,254
Жедел тергеу топтары 2 мыңнан аса қылмыстық  іс тіркеген
Сурет: Inform.kz

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы қаңтар оқиғасы туралы түсінік берді.


ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта прокурорлардың өтініштері бойынша қамауға алудан 1 149 адам босатылды, 577 іс бойынша айыппұлдар ескертулерге ауыстырылды, 393 әкімшілік іс қылмыстық құрамы болмауына байланысты толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.



«Осылайша, сотпен әкімшілік қамауға алынған 3 314 тұлғаның ішінен тек 63-і қамауда қалып отырғанына назарларыңызды аударғым келеді. Бұл ретте прокурорлардың әкімшілік жазаны жеңілдетуге арналған тағы 13 өтінішхаты соттарда қаралуда. Жалпы, осы жылдың 25 қаңтарындағы жағдай бойынша, жедел тергеу топтарының өндірісінде 2 044 қылмыстық іс бар. Осы істер бойынша 898 күдікті ұсталған. Олардың ішінен 802-сі сот санкциясымен қамауға алынды, 50-не үй қамағы, ал 21 тұлғаға кепіл, 12-не ешқайда кетпеу қолхаты тағайындалды, 13-і бойынша  бұлтартпау шарасы туралы мәселе қаралуда», - деді спикер. 



Қилымжановтың баяндауынша, прокуратура органдары қайғылы оқиғаларды тергеу кезінде заңның сақталуын қамтамасыз етеді.



Прокуратура органдарына тыйым салынған тергеу әдістері және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 109 шағым түсті. Билікті және лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану туралы 11 шағым бойынша прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ал қылмыстық қудалау органдары прокуратураның нұсқауымен 10 қылмыстық істі тіркеді, - деп түсіндірді Бас прокуратура өкілі ОКҚ-да.



Оның сөзінше, бүгінгі күні 21 қылмыстық іс өндірісте. Олардың 20-сын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен арнайы прокурор тергеп жатыр. Сондай-ақ 43 арыз бойынша тексерулер жалғасып жатыр. 22-сі өз дәлелдерін таппады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #оқиға #прокуратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының таулы аймағында Medeu Park Hotel ашылды

Бүгін 15:50

Алматыда қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша көшпелі экоакция өтеді

Бүгін 15:43

Almaty Marathon: 27 қыркүйекте Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 15:38

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту министрлеріне депутаттық сауал жолдады

Бүгін 15:31

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат министріне депутаттық сауалы жолдады

Бүгін 15:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);