Жазда Алакөлге 11 пойыз қатынайтын болады

Жазда Алакөлге 11 пойыз қатынайтын болады Сурет: Gorodtaraz.kz

Жағымды жаңалық.


Биыл жазғы демалыс маусымында Алакөл аймағына 11 жолаушылар пойызы қатынайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Атап айтқанда, Алматыдан аптасына екі рет «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Тальго «Алматы-2-Достық» жүрдек пойызы қатынаса, тура осы құрамның жүрдек емес жай пойызы да осындай жиілікпен қатынайды. 


Сонымен қатар жұп күндері «Алматы-2-Достық» пойызының ауысып отыруға болмайтын вагондары, «Вагонсервис Алматы» ЖШС-ның «Алматы-Достық» пойыздары аптасына 3 рет, «ТұранЭкспресс» ЖШС-ның «Алматы-2- Достық» пойызы да аптасына үш рет Алакөлге барып келеді. 



«Ал Нұр-Сұлтан қаласынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ- ның 2 пойызы аптасына 2 рет және жеке тасымалдаушының 1 пойызы жұп күндері Нұр-Сұлтан-1 және Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станцияларынан Достыққа қатынайды. Шығыс Қазақстан облысынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Семей-Достық», «Өскемен -Достық» бағдарлары бойынша пойыздары тақ күндері және «Ақтоғай-Достық» пойызы күн сайын жүретін болады», - делінген Rail-news.kz сайтында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:09

09:16

17:11

16:20

15:18

14:22

12:13

11:33

11:11

10:13

09:33

20:46

19:49

19:41

17:48

17:31

17:15

17:05

16:54

16:53

16:33

16:18

16:10

16:05

15:49