конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жастар салауатты өмір салтын қолдайды

Жастар салауатты өмір салтын қолдайды

Әлеумет 03.07.2023, 10:08 1,202
Жастар салауатты өмір салтын қолдайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

30 маусым күні  28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Біз салауатты өмір салты үшін!» концерттік акциясы өтті.


Іс-шара барысында қала тұрғындары, жасөспірімдері мен жастары ДО тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, «Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбындағы викторинаға қатысты. Сонымен қатар, іс-шара аясында қолөнер бұйымдары және «Біз салауатты өмір салты үшін!» плакаттар көрмесі мен ДО оқытушыларының шеберлік сабақтары өтті. Байқау жеңімпаздарына символикалық сыйлықтар берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қаласының кинологиялық қызмет көрсету орталығының қызметкерлері «Бүркіт» қызметтік-іздестіру итімен ішінде есірткі заттарының имитаторлары бар заттарды іріктеу бойынша қойылым өткізді. Қойылымнан кейін барлық ниет білдірушілер бүркітпен ойнап, онымен естелік фотосуретке түсті.



Акция соңында, Балаларды қорғау күніне және нашақорлыққа қарсы күрес айлығына арналған «RYH - MARAFON» XIX-шы жалпықалалық спартакиадасының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.


Турнир кестесінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:


III орынды «Барыс» Демалыс орталығының командасы иеленді;


II орын – «Дархан» ДО командасы;


I орынды «Көкжиек city» ДО командасы иеленді.


Еске сала кетейік, биылғы спартакиаданың басты ерекшелігі турнирге қатысушыларды қолдаушы DIEGO жолбарысы болды. Ол спортшыларды қиындықтарды жеңуге және алға қойған мақсаттарына жетуге жігерлендіретін күштің, күш пен жеңіске деген ұмтылыстың символына және  қатысушылардың досына айналды.


Спартакиада 3 - 27 маусым аралығында спорттың 5 түрінен: 600 және 800 метрге жүгіруден, шағын футбол, стритбол, үстел теннисі және боулингтен тунирлер өткізілген болатын. Жеңімпаз командаларға құрмет грамоталары, медальдар, кубоктар және сыйлықтар табыс етілді.



 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cалауатты өмір #концерттік акция #нашақорлыққа қарсы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады

Бүгін 11:32

Алматыдағы YE концертіне 60 тегін шаттл қатынайды

Бүгін 11:16

Сайлау-2026: сарапшылар бағдарламалар мен партиялар арасындағы бәсекелестіктің ерекшеліктерін талқылады

Бүгін 11:01

Серік Жұманғарин экономикалық өсімді жеделдету үшін ірі кәсіпорындармен резервтерді пысықтауды тапсырды

Бүгін 10:33

Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);