Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жастар және полиция: республикалық форумда киберқы...

Жастар және полиция: республикалық форумда киберқылмысқа қарсы күрес мәселесі талқыланды

Заң мен тəртіп 21.04.2023, 16:18 1,397
Жастар және полиция: республикалық форумда киберқылмысқа қарсы күрес мәселесі талқыланды
Сурет: Polisia.kz

ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы мен қаланың полиция департаментінің қолдауымен “Жастар және полиция: зорлық-зомбылық экстремизмі және басқа да заманауи қауіптердің алдын алу” тақырыбында республикалық форум өткізді.


Үш күнге созылған шараға еліміздің әр аймағынан келген 500-ге жуық мектеп оқушылары мен студент жастар қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  


Полиция қызметіне қызыға қарап, қоғамның қауіпсіздігі үшін алаңдайтын білімді жастар – форум қатысушыларымен Ішкі істер министрі кездесті. Ол жеткіншектермен киберқылмысқа қарсы күрес, құқықбұзушылықтардың алдын алу, ведомствоның оқу орындарына оқуға түсу сынды тақырыптарда сөз қозғады.



«Жарқын болашаққа үміттенген жастар қазіргі заманауи технологияларды қолдана отырып, киберқылмыстар мен интернет арқылы жасалатын құқық бұзушылардың қалай алдын алу керектігі туралы өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Бүгінгі таңда ІІМ Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Осы форумның өзін соның куәсі деп толық айтуға болады», – деді Марат Ахметжанов.



Кездесу барысында қыздар мен жігіттер алғырлықтарын дәлелдеп, белсенділік танытып, министрге өз сауалдарын жолдады.


Жиын соңында Марат Ахметжанов Алматы академиясы ұйымдастырған  “Үздік IT-дарын”, “Үздік із кесуші” байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.



«Байқаудың бірінші-екінші туры онлайн өтті. Видео жасап, сұрақтарына жауап беріп, кейін осы Алматы қаласында өткен үшінші турына қатыстық. Алматы академиясына, барлық ұйымдастырушыларға рақмет айтамын», – деді ІІІ орын иеленген Ислам Серіковтың жетекшісі – Қарағанды облысы А.Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Гүлшат Абаева.



Сонымен қатар ІІМ басшысы академияның 1-ші факультетінде білім алушы офицерлермен кездесті. Айта кету керек, бұл факультетте ішкі істер органдарының басшы құрамы даярлаудан өтеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #форум #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Кеше 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Кеше 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Кеше 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Кеше 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Кеше 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика