AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жасанды интеллект балалық шақты бұзып жатыр

Жасанды интеллект балалық шақты бұзып жатыр

Әлеумет 11.12.2025, 09:57 542 yakiya
Жасанды интеллект балалық шақты бұзып жатыр
Сурет: Astanatv.kz

Депутат Асхат Аймағамбетов телеграм-арнасында The Economist журналы көтерген маңызды мәселеге назар аударды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша, жасанды интеллект тек экономика немесе саясатты ғана емес, балалардың балалық шағын да қалыптастыруға кіріскен.

«The Economist журналындағы мақала жасанды интеллекттің жұмысты, экономика мен саясатты ғана емес, сонымен қатар мызғымастай көрінген балалық шақты да өзгертіп жатқанын көрсетеді», - дейді.

Аймағамбетов қазіргі ойыншықтардың технологияланып бара жатқанын атап өтті.

«Қазіргі ойыншықтар "ақылды" болып барады, сол ЖИ қосылған жаңа қуыршақтар балалармен сөйлеседі, репетиторлар цифрлық форматқа көшуде. Ал кейбір елдерде балалар достарына қарағанда, чат-боттармен көбірек сырласатын болған», — дейді депутат.

Бұл тренд балаларға жаңа мүмкіндіктер ашса да, әлеуметтік даму тұрғысынан үлкен сұрақтар туындатып отыр.

Депутат ЖИ-дің оң әсерін де атап өтеді:

«Бұрын тек ауқатты адамдарға ғана қолжетімді болған дүниелер, мысалы, дербес оқыту енді көпшілікке қолжетімді болуда» – дейді депутат. 

Алайда Аймағамбетов қауіптерді де жасырмайды:

«ЖИ ешқашан шаршамайды, ренжімейді және дауласпайды. Онымен ғана сөйлесу арқылы бала шыдамдылыққа, эмоцияны оқуға және өз пікірін қорғауға үйренбейді», — дейді ол.

Оның пікірінше, цифрлық ортаға тым бейімделген бала ертең шынайы өмірдегі адамдармен қатынас жасауға қиналуы мүмкін.

Әлеуметтік дағдыларды дамыту үшін шынайы орта керек. 

«Бұл бізге шынайы, жанды қарым-қатынасты барынша күшейту керектігін тағы бір дәлелдейді. Кітап оқу, пікірсайыс қозғалысы, өзін-өзі басқару сияқты біздің мектеп жобаларымыз ЖИ дәуірінде өмірлік қажеттілікке айналып отыр».- дейді депутат. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жи
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика