Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жас отбасылар қандай мемлекеттік бағдарламалар арқ...

Жас отбасылар қандай мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспаналы бола алады?

Әлеумет 18.06.2021, 14:00 2,554
Жас отбасылар қандай мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспаналы бола алады?
Сурет: Gov.kz.

Жас отбасылар баспаналы бола ала ма?


 ҚР ИИДМ қазақстандық жас отбасыларға пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдаудың жеңілдікті шарттарын айтып, қолданыстағы және әкімдіктер әзірлейтін тұрғын үй бағдарламалары туралы хабардар етеді.


Қолданыстағы «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында «Отбасы банк» АҚ арқылы жылдық 2% жеңілдікпен несие беру көзделген, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Нысаналы топ – кезекте тұрғандар, атап айтқанда, көп балалы, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар жанұялар.


Бүгінге дейін аталған бағдарлама бойынша табысы төмен санаттағы 9443 отбасы баспаналы болды.


Кезекте тұрған тағы 17 мыңында «5-10-20» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға қарыз алу мүмкіндігі бар. Олар тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасын төлеп, 5%-бен 20 жылға дейін несие ала алады.


Бұл мақсатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 210 млрд теңге бөлінген болатын. Аталған бағдарлама бойынша 9 699 отбасы пәтер сатып алуға несие рәсімдеген.


2020 жылдың шілдесінде банк жас отбасыларға арналған «Жас отбасы» атты өзінің тұрақты бағдарламасын іске қосты. Бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй, сондай-ақ өз үйін салу үшін жер учаскесін сатып алу үшін қарыздар жылдық 6%-бен беріледі. Ал 2 жыл өтісімен мөлшерлеме 5%-ға дейін төмендейді. Несиелеу мерзімі 6 жылдан 9 жылға дейін.


Бұл бағдарламада ерлі-зайыптылардың жасына және отбасындағы балалардың санына ешқандай шектеулер жоқ. «Жас отбасы» бойынша қарыз алудың негізгі критерийлері: некеде 3 жылдан 5 жылға дейін тіркелу, «Отбасы банкте» депозиттің болуы (ашылуы), тұрғын үй құнының 50%-ын жинақтау. Сондай-ақ, сатып алынатын тұрғын үй сомасының 50%-ын бір мезгілде салған кезде жеңілдікті қарыз алу мүмкіндігі бар.


Жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған бекітілген кешенді жоспарына сәйкес, облыстық әкімдіктер тұрғын үй сатып алу үшін жас отбасыларды жеңілдікпен несиелендіру бойынша өңірлік жобалар әзірлеуде.


Ақтөбе облысының әкімдігі Отбасы банкімен ынтымақтастық аясында жергілікті бюджеттен «Ақтөбе Жастары» және «Жас отбасылар мен мамандарды несиелендіру үшін қолжетімді баспана» өңірлік бағдарламаларын жүзеге асыруға 1,5 млрд теңге бөлуге ниетті.


Алматы облысының әкімдігі жұмыс істейтін жастар үшін «Жетісу жастары» бағдарламасын бастапқы жарнасыз (бірақ қосымша кепіл болған жағдайда) жұмыс жасауда. Қарыздың ең жоғарғы сомасы 10 млн теңгеге дейін.


Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар жергілікті бюджеттен 3 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге жылдық 5% жеңілдікпен қаржыландыру есебінен 10 млн теңгеге дейін қарыз ала алады.


Осы жобаларды іске асырудың басталғаны туралы өңірлік әкімдіктердің сайттарында және БАҚ-та, сондай-ақ Отбасы банкінің сайтында хабарланатын болады.


Сонымен қатар, жастар саясаты жөніндегі уәкілетті орган жастар мен студенттік ұйымдарды, сараптамалық және азаматтық қоғамдастық өкілдерін тарта отырып, жастарды жұмысқа орналастыру, білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін кешенді шешу үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасын әзірлеуде.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медеуский район #соцпроекты #дорожная карта #Алматы #Қазақстан #отбасы #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика