Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың...

Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың жұмыс режимін шектеу алынды

Әлеумет 27.01.2022, 16:30 1,245
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың жұмыс режимін шектеу алынды
qazaly.kz

2022 жылғы 27 қаңтарда Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің міндетін атқарушының қолданыстағы шектеулерді жеңілдетуді көздейтін жаңа № 7 қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



«Жаңа қаулыға сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша жұмыс режимін шектеу алынып тасталды», - делінген ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия таратқан ақпаратта.



Эпидемиологиялық тәуекел аймағына (жасыл, сары, қызыл) қарамастан, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бойынша жұмыс істейтін нысандар үшін шектеу алынып тасталды. Бұл – салтанатты, еске алу, ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар өткізу, спорт кешендерінің, сауықтыру және діни және ойын-сауық нысандарының (ойын клубтары, казино, түнгі клубтар және караоке), СОО, сауда желілерінің (сауда алаңы 1000 ш.м.-ден асатын азық-түлік емес және сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік) қызметі, бассейндер.



Келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» аймақтағы (эпидемиологиялық тәуекелі төмен) өңірлерде – «Ashyq» қатысушыларының қызметі шектеусіз жүзеге асырылады, ал «сары» (эпидемиологиялық тәуекелі орташа) және «қызыл» (эпидемиологиялық тәуекелі жоғары) аймақтарда – карантиндік шектеулер толтыруды арттыру жағына қарай жеңілдетіледі.



Осылайша, эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан, облысаралық, облысішілік, қалалық (тұрақты және тұрақты емес) тасымалдарды жүзеге асыратын объектілер үшін, отельдер, қонақ үйлер, әуежайлар, теміржол, су және автовокзалдар, өзен және теңіз порттары, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері; ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері, банктер; сұлулық салондары, СПА-орталықтар, жабық базарлар, асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары үшін бейтарап «көк» мәртебе болған жағдайда шектеусіз кіру сақталады.


Сауналардың, моншалардың, сауда алаңы 1000 ш.м дейінгі сауда желілерінің (азық-түлік емес) қызметіне шектеулер алынып тасталды, оларға эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан, барлық өңірлерде бейтарап «көк» мәртебе бойынша кіруге болады.



«Жасыл» аймақта мейрамханалар мен дәмханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері, ересектер мен балаларға арналған ойын және ойын-сауық орындары (бильярд, боулинг, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, цирктер, океанариум, компьютерлік және лотерея клубтары, букмекерлік конторалар) үшін келушілерде бейтарап «көк» мәртебе болған жағдайда шектеу алынып тасталды, бұдан басқа «сары» аймақта олардың толтырылуы 50%-дан 70%-ға дейін және «қызыл» аймақта 30%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылды. Объектінің толтырылуы оның жобалық қуатына байланысты анықталады.



Қабылданған карантиндік шаралар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру үшін қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ashyq #Қаулы #ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53

Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін 11:48

"Өз архитектурасы жоқ ұлт – өз үйінде қонақ" - Елзат Мұқаш

Бүгін 11:24

Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері

Бүгін 11:04

Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика