AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетел...

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Әлеумет 04.02.2026, 17:11 249
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол
«БАЙТАҚ» жасылдар партиясы

2026 жылғы 4 ақпанда Астана қаласында офлайн және онлайн форматта
Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясының Төрағасы А. Әміртаевтың
төрағалығымен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген пленарлық отырысы
өтті.

Іс-шараға партия филиалдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары,
сарапшылар және белгілі қоғам қайраткерлері қатысып, Қазақстан Республикасы
Конституциясының жаңа жобасы талқыланды. Талқылау барысында
мемлекеттің институционалдық дамуы, адам құқықтарының басымдығы,
қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік және «жасыл» экономиканы
стратегиялық дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өз баяндамасында Азаматхан Әміртаев Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық
реформаның саяси алғышарттарына тоқталып, оның заң шығару үдерісінің
тиімділігін арттыруға, билік органдарының дербес әрі нақты жауапкершілігін
күшейтуге және мемлекеттік басқару жүйесінің орнықтылығын нығайтуға
бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ Конституциялық реформа жөніндегі
комиссия жұмысының кең қоғамдық қатысумен өтіп жатқаны, e-Otinish
платформасы арқылы мыңнан астам ұсыныс түскені айтылды.
Партия Төрағасы жаңа Конституция жобасында экология мен адам
денсаулығы арасындағы байланыстың тұңғыш рет негізгі заң деңгейінде айқын
әрі күшейтілген түрде бекітіліп отырғанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша,
таза ауа, таза су және қауіпсіз қоршаған орта азаматтардың өмір сапасын
айқындайтын басты факторлар болып табылады және мемлекеттің болашақ
ұрпақ алдындағы тікелей жауапкершілігі болуы тиіс. Осыған байланысты
«БАЙТАҚ» партиясы Конституцияның 8-бабында «Экология және адам
денсаулығы» ұғымын мемлекеттің базалық құндылығы ретінде жеке тармақпен
бекітуді ұсынды.
Кеңейтілген отырыс барысында партияның Атқарушы хатшысы Бекберген
Керей «Конституция: экология мен даму арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында
баяндама жасап, жаңа Конституция экологияны мемлекеттік саясаттың
жекелеген бағыты ретінде емес, қоғамдық дамудың құндылықтық негізі ретінде
айқындайтынын атап өтті. Алматы қалалық филиалының төрағасы Алма
Қарашқызы «Адамға бағдарланған мемлекет моделі» тақырыбындағы сөзінде
жаңа Конституция жобасында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілгенін атап өтті. Ал партия
Төрағасының кеңесшісі Мұрат Ташибаев «Қазақстандағы конституциялық
реформаның халықаралық-құқықтық аспектілері» тақырыбында баяндама
жасап, жаңа Конституцияны қабылдау Қазақстан халқының өзін-өзі анықтау
құқығын жүзеге асырудың заңды нысаны екенін айтты. Сонымен қатар,
конституциялық реформаның халықаралық міндеттемелерді орындауға, адам
құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға
және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталғаны
атап өтілді.
Саяси кеңес мүшесі, жас тарихшы Шыңғыс Үсенқұл жастар атынан сөз
сөйлеп, Конституция жобасында Ұлы Даланың мыңжылдық мемлекеттілік
дәстүріне сілтеме жасалуының маңызын атап өтті. Оның айтуынша, «Ұлы Дала»
ұғымы Еуразия кеңістігінде қалыптасқан мемлекеттілік, құқықтық жүйе және
саяси мәдениеттің тарихи сабақтастығын білдіреді.
Бастауыш партия ұйымының басшысы Сергей Качанов Қазақстан
Республикасы Конституциясының жаңа жобасын толық қолдайтынын білдіріп,
партия тарапынан өңірлік және бастауыш деңгейде түсіндіру және ақпараттық
жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге дайын екенін, азаматтарды қоғамдық
талқылауға белсенді тартудың маңызын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар
партиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын адамға
бағдарланған, экологиялық жауапты және институционалдық тұрғыдан
негізделген құжат ретінде толық қолдайтынын мәлімдеді. Партия алдағы
уақытта да Конституция жобасын қоғамдық талқылауға белсенді қатысып,
өңірлерде түсіндіру және ақпараттық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«БАЙТАҚ» жасылдар партиясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика