Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жаңа Алматы»: Барлығына бірдей  жағдай қалай жаса...

«Жаңа Алматы»: Барлығына бірдей  жағдай қалай жасалады 

Әлеумет 05.11.2021, 06:59 1,086
«Жаңа Алматы»: Барлығына бірдей  жағдай қалай жасалады 
Inform.kz

Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Алмас Батанов дөңгелек үстел барысында қаланы дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарының қалай іске асырылып жатқаны туралы айтып берді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
 
 Дөңгелек үстелге қатысушылар «Жаңа Алматы» бағдарламасының өзі қаланы полицентрлі үлгі бойынша дамытуға бағытталғанын атап өтті. Мақсат – өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау, қала тұрғындарының белсенді демалысы үшін жаңа қоғамдық кеңістік қалыптастыру. 
 
Алмас Батанов «Жаңа Алматының» не үшін жасалғанын айтты. Оның айтуынша, бұл жоба қалаға жаңадан қосылған аумақтардағы проблемалық мәселелерді шешетін болды. 



«Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев инфрақұрылымдағы келеңсіздіктерді өзі жеке білу үшін қала шетіндегі тұрғындармен жиі кездесіп жүрді. Мысалы, 105 мыңнан астам тұрғыны бар Наурызбай, Алатау, Медеу, Түрксіб, Бостандық және Жетісу аудандарының 23 шағын ауданында орталық сумен жабдықтау және су бұру болған жоқ. Бағдарламаның арқасында 15 шағын ауданда желі құрылысы басталды. Олардың құрылысы аяқталғаннан кейін 71 мыңнан астам тұрғын коммуникациялармен қамтамасыз етіледі», - деді Алмас Батанов. 



Бұрыннан бар проблемалар – жарықтың болмауы, нашар жолдар, тозған инженерлік желілер. Бірқатар аудандар, олардың ішінде Түрксіб, Жетісу, Әуезов аудандары тұрғын үй мен мектептердің тапшылығын сезінді. 
 



«Біз аумақтардың қосылуы барысында  субурбанизацияның қалыптасқанын, яғни қала көлемі артып, инфрақұрылым шығындарының өскенін көрдік. Қол жетімді жайлы тұрғын үй жетіспеді, ал қаланың өзі елеулі көші-қон жүктемесін бастан өткерді», - деп бөлісті Алмас Батанов. 



Мәселен, 2012 жылдан бастап қала халқы 30%-ға өсті. Халық өсімінің ағымдағы қарқыны сақталған жағдайда 2030 жылға қарай алматылықтардың саны 3 млн адамға жетуі мүмкін. Негізгі қоныстану қаланың шетінде болады деп күтілуде. 
 
Өткен жылдары жинақталған проблемаларды шешу үшін «Жаңа Алматыны» дамытудың кешенді жоспары әзірленді. 2019 жылдың қазан айында оны ел Президенті қолдады, ол мегаполисті «шетсіз қала» қағидатына сәйкес дамытуды тапсырды. 
 



«Біз тұратын аудандарға қарамастан, халыққа өмірдің жоғары стандарттарын,жақсы жолдарды, жарықты, таза суды, газды, орталықтанған кәріз желісін ұсынғымыз келеді», - деп жалғастырды сөзін А. Батанов. 



«Жаңа Алматы» ДКЖ аясында 428 жоба жүзеге асырылуда. Оның 69-ы 2020 жылы іске асырылған. Ағымдағы жылы 286 жоба іске асырылу сатысында, тағы 73 жоба келесі жылдары іске асырылатын болады. 
 
А. Батанов Жаңа Алматының жоспарлы, үдемелі, тиімді дамитынын атап өтті. Тұрғындар жаңа шағын аудандар баспана сатып алып, жұмысқа орналасуда, білім алуда және ойдағыдай тынығуда. Демек, Жаңа Алматының болашағы зор.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жаңа #батанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі