AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу...

Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері

Әлеумет 18.09.2024, 18:15 2,027
Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері
Сурет: жасанды интелект көмегімен салынды

Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзып, белгіленбеген орындарда такси немесе көлік тоқтатуға тырысуы – ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан мәселе. Мұндай заң бұзушылықтар олардың қауіпсіздігіне ғана емес, сондай-ақ жүргізушілер үшін де өзіндік кері әсерін тигізетінін жасырмаймыз. Көлік жүргізушілері жаяу жүргіншілерді басып кетпеу үшін маневр жасауға мәжбүр болады. Әрине,  бұл жолда келе жатқан өзге көлік жүргізушілері үшін қатер төндіретіні анық, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жаяу жүргіншілердің ережені бұзуы

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жаяу жүргіншілер арнайы жабдықталған орындарда немесе тротуарларда көлік күтуі керек. Жолға шығып, такси тоқтату - тікелей Жол қозғалысы ережелерін бұзу. Бұл үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 615-бабы бойынша жаза қолданылады. Жаяу жүргіншілерге 2 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда айыппұл көлемі 10 АЕК-ке дейін өседі.

Жүргізушілердің жауапкершілігі

Такси тоқтатып тұрған жүргіншілермен саудаласатын жүргізушілер де жауапкершіліктен құтыла алмайды. Көлік құралдарын тоқтату және тұрақ ережелерін бұзу бойынша ӘҚБтК 597-бабына сәйкес, жолға кедергі келтірген жүргізушілерге 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Жүргізушілердің жаяу жүргіншіні қағып кету жағдайы

Егер жүргізуші ереже бұзған жаяу жүргіншіні қағып кетсе де, заң көбінесе жаяу жүргінші жағында болады. Жүргізуші жылдамдықты сақтап, барлық ережелерді орындаса да, апатты болдырмауға міндетті. Егер жаяу жүргінші зардап шексе немесе қайтыс болса, жүргізуші Қылмыстық кодекстің 345 немесе 346-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Сондықтан өзгеге кесіріңіз тимесін десеңіз жол ережесін сақтағаныңыз абзал. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жол ережесі #Жүргізуші #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);