AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаяу жүргіншіге арналған жаңа жол ережесі шықты

Жаяу жүргіншіге арналған жаңа жол ережесі шықты

Әлеумет 11.01.2024, 06:55 1,679
Жаяу жүргіншіге арналған жаңа жол ережесі шықты
Сурет: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі жаяу жүргіншілерге арналған жаңа ережеге қатысты түсініктеме берді


Ішкі істер министрлігі жаяу жүргіншілердің көшеден өтуін шектейтін жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізілуіне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


2023 жылдың қараша айының соңында «Ашық НҚА» сайтында жол қозғалысы ережелеріне өзгертулер енгізу жобасы пайда болды. Соның бірі жаяу жүргіншілердің рұқсат беретін сигнал бойынша жолды кесіп өту ережелеріне қатысты еді. Мамандардың айтуынша, егер ереже осы күйі қабылданатын болса, жаяу жүргіншілердің қиылыстарда жолды кесіп өтуі әлдеқайда қиындайды. Өйткені, олар бұрылу маневрін орындай алмаған көлікке жол беруге мәжбүр болады. Мамандар бұл тек кептелістер санын ғана емес, жазатайым оқиғаларды да арттыруы мүмкін екенін алға тартып отыр.


«Жол жүрісі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» министрлік бұйрығын азаматтардың талқылауы үшін сайтқа салғанын Ішкі істер министрлігі растап отыр. 3-тараудың 16-тармағына: «Жол қозғалысы реттелетін жерлерде жаяу жүргіншілер жол диспетчерінің немесе жаяу жүргінші бағдаршамының сигналдарымен, ал олар болмаған жағдайда көліктік бағдаршаммен жүреді;  бағдаршамның рұқсат беретін сигналы қосылған кезде жаяу жүргінші көлік қозғалысын аяқтағанға дейін күтуі тиіс», деп өзгеріс енгізілген.



«Бұл стандарт, ең алдымен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Өйткені, қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер көбінесе өздерінің қауіпсіздігіне мән бере бермейді. Бағдаршамның жасыл түсі жана салысымен көлік құралдары бұрын бастаған маневрді аяқтады ма немесе оның жаяу жүргіншілер жолының алдында тоқтауға мүмкіндігі бар ма деген мәселеге бас ауыртпай жолға шыға береді», - деді министрлік.



Ішкі істер министрлігі түзетулердің әлі қабылданбағанын, егерде қабылдау болған жағдайда қоғамдық талқылау нәтижелері ескерілетінін баса айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаяу жүргінші #жол #жолақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

22 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 08:39

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Кеше 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Кеше 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 18:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика