Исламиада-2025: Нұрғиса Әділетұлы үш дүркін чемпион атанды

  • 10:54, 12 қараша 2025
Исламиада-2025: Нұрғиса Әділетұлы үш дүркін чемпион атанды ҰОК

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрғиса Әділетұлы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы екі алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Қазақстандық зілтемірші 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша нәтиже көрсетті.

Серпе көтеруде ол 210 келіні бағындырып, үздік шықты.

Сондай-ақ ол қоссайыс қорытындысы бойынша да топ жарып, 385 келіні еңсерді.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғиса Әділетұлы жұлқа көтеруде 175 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:26

16:15

16:01

15:55

15:41

15:34

15:20

15:04

15:02

14:55

14:55

14:43

14:25

14:10

13:31

12:45

12:28

12:13

11:53

11:37

11:32

11:12

11:05

10:41

10:32