Жаңа басшы сайлау додасында 16 миллион 384 403 дауыс жинаған.
Президент сайлауында ұлты әзірбайжан, 70 жастағы Масуд Пезешкян жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Білімі бойынша кардиохирург болған Пезешкян бұған дейін Тебриз медициналық ғылымдар университетінің ректоры қызметін атқарған. Қазір Иранның солтүстігіндегі беделді университеттің оқытушылар құрамының мүшесі.