Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Иммунитетті қалай нығайту керек?

Иммунитетті қалай нығайту керек?

Керек кеңес 08.12.2024, 12:30 981
Иммунитетті қалай нығайту керек?
Сурет: Egemen.kz

Қыс келісімен тұмаумен ауыру жиілейді. Көп ауырмау үшін иммунитеттің рөлі маңызды. Көпшілік иммунитетті арттыру үшін биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) ішеді, суперфуд жейді және ағзаны тазартатын процедуралар жасайды. Алайда иммунитетті күшейту мүмкін бе? Жылдам нәтижеге жеткісі келудің қандай қауіптері бар? АҚШ-тың жетекші ғылыми зертханаларында жұмыс істеп жүріп, осы проблеманы терең зерттеген иммунолог-дәрігер Алмаз Шарман осы жайында мынадай кеңес береді.

Үйлесімді тамақтаныңыз. Тек суперфудтерді емес, әртүрлі және қабынуға қарсы диетаны ұстану маңызды;

Иммундық жүйені тым белсенді етуге ұмтылмаңыз. Шамадан тыс белсенді иммундық жүйеге ұмтылу зиян. Иммундық жүйе тепе-теңдікте жұмыс істеуі керек;

Алғашқы симптомдарды бірден дәрімен баспаңыз. Біз ауырған кезде ол миға сигналдар жібереді, бұл кезде біз әлсіздік сезініп, жабырқаңқы күйге түсуіміз мүмкін. Бұл ағзаның қалыпқа келу қажет екенін білдіреді. Оны елемей, симптомдарды дәрі-дәрмектермен басуға болмайды;

Микробиома саулығын сақтаңыз. Иммунитет жұмысына микробиома жағдайы айтарлықтай әсер береді. Себебі алғашқы жылында микробтар иммунды жүйені зерттеп, үйренеді. Алайда соңғы жылдары адамдарда микробиома тепе-теңдігі бұзылған. Оған антибиотиктерді көп ішу, тамақтанудың өзгеруі және қайта өңделген тағамдарды жеу әсер етті. Бұл аллергияның және аутоиммунды аурулардың көбеюіне әкелді. Сондықтан микробиома жағдайын жақсарту үшін дұрыс тамақтану маңызды. Рационға жемістер, көкөністер, пайдалы майлар, ақуыз, майлы балық және жасұнық қосыңыз;

Күйзелістен арылыңыз. Күйзелістің иммунитетке жағымсыз әсері ғылыми дәлелденген. Тыныс алу жаттығулары, таза ауада серуендеу және гаджеттерден демалу күйзелісті азайтуға және иммунитет жұмысын жақсартуға көмектеседі;

Ұйқыны ретке келтіріңіз. Иммунды жүйенің жақсы жұмыс істеуінде ұйқының рөлі зор. Егер ұйқыңыз қанбаса, вирустармен күресетін иммунды жасушалардың белсенділігі төмендейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұмау #иммунитет #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Кеше 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Кеше 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Кеше 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Кеше 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Кеше 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика