Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ІІМ министрлігі ата-аналарға үндеу жариялады

ІІМ министрлігі ата-аналарға үндеу жариялады

Әлеумет 11.09.2024, 12:38 1,076
ІІМ министрлігі ата-аналарға үндеу жариялады
Қайрат Қонысбаев

Ішкі істер министрлігі барша ата-аналарға үндеу жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

– Құрметті ата-аналар! Ағымдағы жылдың сегіз айында полиция есірткі таратуға қатысқаны үшін 30 кәмелетке толмаған баланы ұстады. Есірткі жасырумен айналысатын 14 жастағы жасөспірімдер де кездеседі. Олар есірткі қылмысының жекелеген түрлері бойынша ересектермен бірдей қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Полиция қызметкерлері барлық оқу орындарында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері 725 мың адамды қамтитын 9738 түрлі профилактикалық іс-шара өткізілді. Басты назарда жоғары сынып оқушылары және ата-аналарынан жырақта тәуелсіз өмірді бастаған 1-2 курс студенттері.

Полиция көбіне болып қойған фактілермен жұмыс жасайды. Ал ұсталған жасөспірімдер үшін құқықтық салдар туындайды. Осыған байланысты біз сіздерді балаларыңызбен олардың барлық әрекеттерінің құқықтық салдары туралы сөйлесуге шақырамыз. Жасөспірімдердің өміріне барынша қатысыңыз. Егер олар заңсыз әрекетке тартылса, сізге айтудан қорықпауы керек. Балаларыңыздың ортасын біліп, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылауыңыз қажет.

Жасөспірімнің заттарындағы кез келген дәрі-дәрмек қаптамаларына, фольгаға, шыны түтіктерге, тамшуырларға назар аударыңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткіні қолдануға арналған құрал бола алады.

Егер жасөспірімнің үлгерімі күрт төмендеп, сабаққа бармауы артып, қарым-қатынас айналасы өзгерсе, бұл ата-аналардың күдігін туғызуы тиіс. Есірткіні қолданудың жанама белгілері көңіл-күйдің жиі өзгеруі, ашуланшақтық, апатия болуы мүмкін.

Жасөспірімнің есірткі таратумен айналысатынының тағы бір белгісі – көп ақша, қымбат заттарды сатып алуы. Егер баланың телефонында, мессенджерлерде геолокациялары бар белгілер, есірткі жасырылған жерлердің фотосуреттері, үй қабырғаларында, стендтеріндегі басқа да жазбалар болса, бұл да күдік туғызуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал қылмыстардың жекелеген құрамы бойынша 14 жастан басталады, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үндеу #бала #оқушы #ата-ана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика