ffin.kz

Халық санағы Алматыға халық туралы нақты мәліметтер беріп, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жүктемесін азайтады 

Халық санағы Алматыға халық туралы нақты мәліметтер беріп, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жүктемесін азайтады  almaty-akshamy.kz

 Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, "TIMUS DEVELOPMENT" ЖШС директоры Тимур Нұртаев санақ барысында алынған халық саны туралы деректер билікке мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалардағы орын жетіспеушілігімен күресуге, сондай-ақ мегаполис пен елде туындаған басқа да мәселелерді шешуге көмектесетінін айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Тимур Таймасұлының пікірінше, халық санағы – кез келген мемлекет үшін өмірлік маңызды оқиға. Олардың саны туралы мәліметтер қалаға жаңа мүмкіндіктер, соның ішінде қаржылық мүмкіндіктер ашуға көмектеседі. 
 
«Алматы – қарқынды өсіп, белсенді дамып келе жатқан қала. Бізге тұрақты тұруға және жұмыс істеуге көптеген адамдар келеді. Бірақ тұрғындар неғұрлым көп болса, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға жүктеме соғұрлым жоғары болады. Мегаполистің дамуын болашаққа жоспарлау үшін халық саны туралы нақты мәліметтер болуы қажет», - деп есептейді Тимур Нұртаев. 
 
Ол санақ қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге қайта бөліп, көлік жүктемесін дұрыс жоспарлай алатынын айтты. Бұдан басқа, нәтижелер әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу кезінде ескерілетін болады. 



«Құрылыс компаниясының иесі ретінде халық санағы азаматтардың әлеуметтік маңызы бар нысандар мен инфрақұрылымға деген сұранысын анықтауға көмектесетінін атап өткім келеді», - деп жалғастырды Тимур Нұртаев. 



Бұл санақтың ерекшелігі – сайттағы санақ парақтарының сұрақтарына жауап бере отырып, өзіңіз туралы деректерді желіде қалдыру мүмкіндігі https://sanaq.gov.kz/ 


Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Тимур Нұртаев санақ науқаны басталғаннан кейін бірден жаңа форматты пайдаланып, санақтан онлайн өтті. 



«Құрылысшы ретінде маған тұрғын үй салынған материалдар туралы мәселе ерекше есте қалды. Бұл мемлекетке халықтың өмір сүру деңгейіне, тұрмыстық әл-ауқатына байланысты тұрғын үй қорының сапасы туралы нақты түсінік береді. Тек осылай ғана тұрғын үй саясатының, аумақтарды дамытудың ең тиімді бағытын таңдауға, біздің тұрғын үйіміздің сейсмиктер және өңірдің ерекшелігіне байланысты басқа да параметрлер тұрғысынан қаншалықты қауіпсіз екенін түсінуге болады», - деді Тимур Нұртаев. 



Сарапшы қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша пәтерлерді аралау кезеңі басталғанын, сондықтан қала тұрғындары санақшылардан жасырынбауын, деректердің қолға түспейтінін айтты 



«Халық санағы тұрғындардың табыс деңгейін, олардың түрлі игіліктермен қамтамасыз етілуін, өмірмен қанағаттануын, күтулері мен мұқтаждықтарын тіркейді. Осы ақпаратсыз мемлекет жәрдемақы мөлшерін, орташа жалақыны, есептік көрсеткішті және әрқайсымыздың әл-ауқатымызға байланысты басқа да деректерді саналы түрде жоспарлай алмайды», - деп толықтырды  сөзін Тимур Нұртаев. 



2021 жылғы санаққа қатысудағы өз тәжірибесінен Тимур Таймасұлы өзекті және өмірлік маңызы бар мәселелер екенін атап өтті. 



«Кері байланыссыз халықтың нақты сұраныстарын мемлекет толық анықтай алмайды. Сондықтан мемлекет пен халық арасындағы байланыс осы халық санағы арқылы іске асады. Санақ барысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық шараларды қалай жүзеге асыру керектігі айқындалады. Демек, санаққа жаппай қатысу қажет. Митингіге барып, құр даурыққанша, санақтағы сұрақтарға жауап беріп, өмір сүру сапасын оң өзгертуге ықпал етуге болады. Өйткені, санақ сұрақтары азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Интервьюлерге есік ашқанда, осыны ескерген жөн», - деді Тимур Нұртаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04