AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Gulbolsyn» жобасы аясында 1552 әйелге көмек көрсе...

«Gulbolsyn» жобасы аясында 1552 әйелге көмек көрсетілді

Әлеумет 22.10.2021, 15:16 1,243
«Gulbolsyn» жобасы аясында 1552 әйелге көмек көрсетілді
baq.kz


«Gulbolsyn» жобасы Алматы қаласындағы нәзік жандылардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек беріп, қолдау көрсетуге, өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларының алдын алу мақсатында жұмыс істейді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Аталған жоба Алматының дағдарыс орталықтарымен, сонымен қатар әлеуметтік ана орталықтарының желісі - «Бақытты отбасы» бастамасымен бірге белсенді жүзеге асырылуда. Бұл орталықтардың қамқорлығындағы көптеген әйелдер «Gulbolsyn» жобасының алғашқы қызмет алушылары болды.



Ай сайын дауды шешу, теңдік мәселелері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша пікір алаңдары мен кездесулер ұйымдастырылып отырады. Заңдық және психологиялық кеңес беру үшін қабылдау бөлімдері құрылып, психологтар, заңгерлер, жаттықтырушылар сияқты мамандар тарапынан кеңес беру қызметтерін көрсету бойынша сенім телефондары жұмыс істейді. 


Күн сайын ондаған алматылық әйелдер қорқынышын ұмытып, өмірін қайта бастауға күш алуда, жоба бастау алғаннан бері 1552 адам көмекке ие болды.



«Gulbolsyn» жобасы аясында Алматы қаласында қыздар мен әйелдерге көмек көрсететін 3 кеңес беру пункттері жұмыс істейді, олар «Жас Отан», «Қазақстан еріктілер лигасы» базаларында және «Бақытты отбасы» орталығында орналасқан. Негізгі кеңес беру нүктесі - Бақытты отбасы орталығы базасындағы пункт. Барлық үш кеңес беру пункті жобаның басынан бастап жұмыс істейді.



Бұл жоба 2021 жылдың желтоқсанына дейін жалғасады, бірақ ұйымдастырушылардың болашаққа үлкен жоспарлары бар. Жоба меңгерушісі ауқымын кеңейтіп, тек Алматы қаласын ғана емес, бүкіл Қазақстанды қамтуды мақсат етеді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әйелдер #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);