конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Гүл Алматы – 2026» V фестивалі жоғары деңгейде өт...

«Гүл Алматы – 2026» V фестивалі жоғары деңгейде өтті

Мәдени Алматы 04.05.2026, 17:10 456
«Гүл Алматы – 2026» V фестивалі жоғары деңгейде өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл бірегей мәдени жоба биыл бесінші мәрте шымылдығын түрді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында еліміздің хор өнеріндегі ең ауқымды шаралардың бірі – дәстүрлі «Гүл Алматы – 2026» V фестивалі жоғары деңгейде өтті.

Биылғы фестивальдің басты ерекшелігі – оның ауқымында. Сахна төрінде балалар мен кәсіби ұжымдардан құралған 9 хор ұжымы, яғни 500-ге жуық өнерпаз тоғысты. Бұл қалалық ауқымдағы фестиваль ұлттық хор мектебінің сабақтастығын көрсетіп, жас таланттар мен кәсіби шеберлер арасындағы алтын көпірге айналды.

Фестивальге қатысқан ұжымдар: Бейімбет Демеуов бастаған Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласымен бірге сахнада «Көкек» және «Көктем» балалар хорлары, А. Жұбанов атындағы мектеп-интернаттың ұлдар мен қыздар хоры, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы, «ALAKOZ» камералық хоры, «Княжичи» ерлер хоры, Құрманғазы атындағы ҚҰК хоры және Астанадан арнайы келген Е. Рахмадиев атындағы филармонияның камералық хоры өнер көрсетті.

Бағдарлама мазмұны: Мерекелік кеште қазақ композиторларының классикалық туындылары, ару қала Алматыға арналған лирикалық әндер және әлемдік музыканың еркін жанрдағы жауһарлары шырқалды. Көрермендер хор музыкасының сан алуан бояуын сезініп, жоғары рухани әсер алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба тек концерт қана емес, сонымен қатар еліміздегі хор мектептерінің өзара тәжірибе алмасуына, репертуардың байыуына және балалар шығармашылығының жаңа белеске көтерілуіне ықпал ететін маңызды кәсіби алаң.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақтың құрылтайы қашан пайда болды?

Бүгін 23:17

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Кеше 19:00

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Кеше 17:29

Арбатта «Сайлау» әуеге көтерілді: Алматы жастары сайлау туралы авторлық әнмен жарқын флешмоб ұсынды

Кеше 16:47

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Кеше 13:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);