Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Гештальт деген не: сәнге айналған сөздің мағынасы...

Гештальт деген не: сәнге айналған сөздің мағынасы қандай?

Мұны білген жөн 25.02.2026, 14:40 389
Гештальт деген не: сәнге айналған сөздің мағынасы қандай?
ЖИ

Кейінгі кезде әлеуметтік желіде "+1 гештальт", "-1 гештальт", "гештальтты жаптым" деген тіркестер жиі айтылатын болды. Алайда көпшілік бұл сөзді орынды-орынсыз қолданып, оның нақты психологиялық мәніне үңіле бермейді. Осыған байланысты Aqshamnews.kz тілшісі психолог, гештальт-терапевт Ұлмекен Сәндібекқызымен сұхбаттасып, бұл ұғымның шынайы мағынасы, оның адам өміріндегі рөлі және "гештальтты жабу" нені білдіретіні туралы сұрап білді.

Гештальт – тұтастықты түсіндіретін ұғым

Маманның айтуынша, "гештальт" сөзі неміс тілінен аударғанда "тұтастық", "бүтін форма" деген мағынаны білдіреді. Психологияда бұл – адамның өмірдегі тәжірибені бөлшектеп емес, тұтас күйінде қабылдайтынын түсіндіретін ұғым.

"Яғни адамның сезімі, ойы, әрекеті – барлығы өзара байланысты біртұтас процесс. Егер адам белгілі бір жағдайды іште аяқталмаған күйде қалдырса, мысалы, айта алмаған реніш, шығарылмаған эмоция немесе шешілмеген мәселе болса, ол "ашық гештальт" ретінде санада сақталып қалады. Мұндай күй адамды қайта-қайта өткен жағдайларға оралтып, ішкі мазасыздық тудыруы мүмкін", - дейді Ұлмекен Сәндібекқызы.

"Гештальтты жабу" нені білдіреді?

Қазір қоғамда "жабылмаған гештальттарым бар" деген сөз сәнге айналғанымен, оның астарында әлдеқайда терең психологиялық мән жатыр. Психологтың түсіндіруінше, бұл көбіне адамның балалық шағында немесе өмірінің белгілі бір кезеңінде өзіне рұқсат ете алмаған ішкі тілек-қалауларының ересек шақта қайта көрініс беруі.

"Мұның себебі әртүрлі болуы мүмкін: көпбалалы отбасында өсу, тапшылық кезеңін бастан кешіру, ата-ананың материалдық немесе эмоциялық мүмкіндігінің шектеулі болуы. Кейде адам бала күнінде бір нәрсені сұрауға батпаған, не бір рет тыйым естіп, сол қалауын іште тұншықтырып тастаған. Соның салдарынан орындалмаған тілек іште қалып, энергияны ұстап тұрады", - дейді ол.

Маман мұндайда адамның шынайы қажеттілігін түсіну маңызды екенін айтады. Мысалы, біреу соңғы үлгідегі телефонды алғысы келсе, мәселе нақты затта емес, оның астарында "елден қалмау", "мойындалу", "маңыздылықты сезіну" секілді ішкі қажеттілік жатуы мүмкін. Яғни гештальтты жабу – жай ғана бір затты иелену емес, адамның өз ішкі сұранысын танып, оны саналы түрде қанағаттандыруы.

"Гештальт жабу" - "арманым орындалды" деген сөз емес...

Психолог гештальтты арнайы терапия арқылы жабу керегін айтты. Гештальт-терапияның негізгі мақсаты – адамға өз сезімін, қажеттілігін, шекарасын байқауға көмектесу. Бұл бағытта "Қазір не сезіп тұрмын?", "Маған не керек?", "Денем қалай реакция беріп тұр?" деген сұрақтарға назар аудару маңызды.

"Осы арқылы адам өзінің шынайы қалауына жақындай түседі. Гештальтты "жабу" адамның ішкі энергиясын босатып, алға жылжуына, өз құндылығын сезінуіне және өмір сапасын арттыруына ықпал етеді. Бұл тек "ішкі балаға" қатысты түсінік емес. Ересек адамдар да өз қалауын шектеп, өзіне рұқсат бермей жатады. Ал адам өз қажеттілігін баспай, саналы түрде қабылдауды үйренсе, бұл оның қарым-қатынасына, жауапкершілігіне, тіпті балаларға беретін үлгісіне де әсер етеді", - дейді маман.

Сондықтан гештальт – әлеуметтік желідегі сәнді сөз ғана емес, адамның аяқталмаған ішкі процестерін түсінуге және саналы өмір сүруге бастайтын маңызды психологиялық ұғым.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#психология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика