AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы инклюзивті орта құруға бет бұрды

Алматы инклюзивті орта құруға бет бұрды

Әлеумет Бүгін 18:30 41 yakiya
Алматы инклюзивті орта құруға бет бұрды

 

«Кейде әлеуметтік көмекке мұқтаж деген адамның үйіне барсақ, ауласында бірнеше көлік тұрған зәулім коттеджді көретінбіз...» деп осындан бес-алты жыл бұрынғы жағдайды еске алды кейіпкеріміз.

Қоғам белсендісі ретінде қаладағы әлеуметтік осал топтарды қолдау шараларын жіті бақылап отыратын Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру бойынша сарапшы Богдан Джепка саланың жақсы жаққа қарай бет бұрғанын айтады.

Алматы   –  әлеуметтік саясат пен азаматтық  жауапкершіліктің жаңа үлгісін қалыптастырып келе жатқан мегаполис. Өйткені, кейінгі жылдары шаһарда осы екі мәселенің басты бағытының бірі – адам өмірінің сапасын арттырып, қоғамның барлық тобына тең мүмкіндік беріліп келеді.

Инклюзивті орта құру, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұрынғыдай қолдау тек жәрдемақы берумен шектелмей, әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың ортаға бейімделуіне жағдай жасайтын жүйелі саясатқа ұласып келеді.

«Өкінішке қарай, табысын жасырып, мемлекет көмегін негізсіз алуға тырысатындар болды. Мұндай жағдайлар жүйеге деген сенімге кері әсер етті», – дейді Богдан Джепка.

Иә, сарапшы айтып отырған масылдық пен жасырын табыс табу жағдайлары ұзақ жыл сенімге селкеу түсірді. Мемлекеттен бөлінген әлеуметтік көмек шын мұқтаж жанның қолына жетпей қалып жүрді. Бірақ қазір әлеуметтік қолдау саясатында цифрландыруға ерекше көңіл бөлінді.  Мысалы, қазір осал топтарды анықтайтын әлеуметтік әмиян мен Отбасының цифрлық картасы енгізілуде.

 «Ерекше атап өткім келетіні  – мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып жатқан игі істер. Қазір Алматыда басты назар оларды жұмыспен қамтып, еңбек етуіне жағдай жасауға ауысты. Еңбекке қабілетті азаматтарға арналған Атаулы әлеуметтік көмек енді нақты талаптарға негізделеді. Көмек алғысы келсе, жұмыспен қамту шараларына қатысып, қайта даярлаудан өтіп, субсидияланатын жұмыс орындарына тұра алады. Қоғам белсендісі ретінде мен әлеуметтік қолдаудан нақты жұмыспен қамтуға көшу бағытын өте оң бағалаймын», – деді қоғам белсендісі.

Былтыр жылдың басында қаладағы мүгедектігі бар адамдарды еңбек нарығына бейімдеуге жәрдемдесетін  «Jobcoach» жобасы тиімді бастамалардың біріне айналды. Жоба аясында әр қатысушыға жеке даму жоспары әзірленіп, мамандар кәсіби бағдар беру, психологиялық көмек және еңбек дағдыларын жетілдіру бойынша жүйелі қолдау көрсетеді. Мысалы, кейбір қатысушылар қашықтан жұмыс істеу форматына бейімделсе, енді біріне жеке кәсібін бастауға мүмкіндік жасалған. Мұндай тәсіл азаматтардың әлеуметтік тәуелділігін төмендетіп, олардың өзіне деген сенімі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. 2025 жылы 1620 адам «Jobcoach» жобасының аясында жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан.

Ал әлеуметтанушы Айжан Базарханқызы  Алматыда ерекше қажеттілігі бар азаматтардың мәселесіне қатысты бірқатар әлеуметтанулық зерттеулер жүргізілгенін айтты. Соның нәтижелері бойынша, бұл санаттағы адамдар үшін ең өзекті мәселелердің бірі – жұмыссыздық пен инфрақұрылымдық кедергілер.

 «Біз жүргізген зерттеулер көрсеткендей, ерекше қажеттілігі бар адамдар арасында жұмыссыздық деңгейі жоғары. Алматыда бұл бағытта жүйелі жұмыстар қолға алынып жатыр. Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға басымдық беріле бастады. Қазір біз осындай жандарды  жұмыспен қамту моделіне біртіндеп көшіп келеміз. Бұл ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қоғамға бейімделуіне, әлеуметтік интеграциясына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, инклюзивті қоғам қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Айжан Базарханқызы.

Әлеуметтік саясаттағы тағы бір маңызды бағыт – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қалалық инфрақұрылымды бейімдеу жұмыстары. 2023–2025 жылдары қала бойынша 34,1 мың нысанға паспорттау жүргізілді. Оның ішінде 733 мемлекеттік мекеме, 21,3 мың жеке сектор нысаны, 9,4 мың көпқабатты тұрғын үй және 2,7 мың аялдама бар. Мемлекеттік нысандар қатарында мектептер, ауруханалар, мәдениет ұйымдары, жоғары оқу орындары, спорт және әкімшілік ғимараттар қамтылды. 2025–2026 жылдардың қорытындысы бойынша нысандардың 60 пайызы бейімделіп, inva.gov.kz порталында 9,9 мыңнан астам нысан туралы мәлімет орналастырылды. Нақты бейімделген нысандар саны шамамен 5,7 мыңға жетті.

Гүлжанат СЕМБАЕВА

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мағжан Жұмабаевқа арналған Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары студент жастарының халықаралық слеті өтті

Бүгін 19:28

Қалаға тарту болған вальс: түлектер Алмалы ауданын 90 жылдығымен құттықтады

Бүгін 18:28

Алматы мешіттерінде Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 17:32

Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу үшін оқудан өтті

Бүгін 17:09

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлердің 74%-ы әйелдер

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);