AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Қалаға тарту болған вальс: түлектер Алмалы ауданын...

Қалаға тарту болған вальс: түлектер Алмалы ауданын 90 жылдығымен құттықтады

Мәдени Алматы Бүгін 18:28 46 yakiya
Қалаға тарту болған вальс: түлектер Алмалы ауданын 90 жылдығымен құттықтады
Алматы әкімдігі

Алматының орталығында Алмалы ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік флешмоб өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан-Британ техникалық университетінің алдындағы алаңда 45 жұп түлек бір мезетте вальс билеп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шара соңғы қоңырау қарсаңында өтіп, түлектердің балалық шақпен қимастықпен қоштасуын бейнелеген символдық көрініске айналды. Қойылым соңында қатысушылар аудан мерейтойының құрметіне «90» санын бейнелеп сап түзеді.

Идея авторы — №62 гимназия жанындағы «Наргиз» хореографиялық ансамблінің жетекшісі Михриниса Ибрагимова.

«Түлектерге де, туған Алмалы ауданына да, барша алматылықтар мен қала қонақтарына да ерекше тарту жасағымыз келді», — дейді ұстаз.

Оқушылар қойылымға бірнеше ай бойы тыңғылықты дайындалып, би қимылдарының үйлесімі мен нақышын жетілдірді. Көптеген қатысушы үшін бұл вальс сахнадағы алғашқы үлкен тәжірибе болды.

«Дайындыққа екі ай уақытым кетті. Бұрын вальс билей алмайтынмын, бірақ тез үйреніп алдым. Осындай әдемі флешмобқа қатысып, достарыммен бірге уақыт өткізгеніме қуаныштымын. Бұл өмірдегі қайталанбас кезең», — дейді Ілияс Жансүгіров атындағы №130 гимназияның 11-сынып оқушысы Даяна Дүсенғали.

Мерекелік іс-шара түлектер үшін есте қаларлық әсер сыйлап қана қоймай, мектепке, туған ауданға және Алматыға деген алғыс пен сүйіспеншіліктің көркем көрінісіне айналды.

Алмалы ауданы 1936 жылғы 14 қыркүйекте құрылып, әр кезеңде атауы өзгеріп отырған. Қазіргі атауын аудан 1995 жылы 12 желтоқсанда алды. Бүгінде ол Алматының маңызды білім беру, мәдени және іскерлік орталықтарының бірі саналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#флешмоб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мағжан Жұмабаевқа арналған Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары студент жастарының халықаралық слеті өтті

Бүгін 19:28

Алматы инклюзивті орта құруға бет бұрды

Бүгін 18:30

Алматы мешіттерінде Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 17:32

Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу үшін оқудан өтті

Бүгін 17:09

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлердің 74%-ы әйелдер

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);