AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Фонограммаға тыйым салына ма?

Фонограммаға тыйым салына ма?

Әлеумет 27.02.2025, 17:21 1,210
Фонограммаға тыйым салына ма?
informburo.kz

Депутаттардан тағы бір тыйым: концерттерде фонограмма қосуға тыйым салынуы керек, себебі тыңдарман жанды дауысқа ақша төлейді деді депутат Мақсат Толықбай, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай көрермен неге билет сатып алып, «фанера» тыңдауы керек деп ашынды.

 «Заң бойынша концерттерде фонограмманы жасырын қолдануға тыйым салынған. Яғни, іс-шараны ұйымдастырушылар бұл туралы көрермендерге хабарлауға міндетті, бірақ ешкім мұны орындамайды», – деді ол.

Депутаттар заң жобасына фонограмма қолдануға қатысты бірнеше түзету енгізгенімен, олар қабылданбады.

 «Көптеген сылтаулар айтылды – өңірлердегі техниканың 70%-ы ескі, білікті дыбыс режиссерлері жетіспейді, тағы басқа. Ақырында, біз былай ұсындық: егер концерт өтетін орын (стадион немесе үлкен алаң) іс-шараға бейімделмеген болса, фонограмманы қолдануға рұқсат беру керек. Ең бастысы – көрермендер алдын ала хабардар болуы тиіс», – деп түсіндірді депутат.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдыков министрлік бұл мәселе бойынша мамандардың пікірін ескеретінін айтты.

 «Біз барлық мүдделі тараптарды жинап, ашық талқылау өткізуге келістік. 11 наурызда бұл мәселені шоу-бизнес өкілдерімен, мәдениет мекемелерінің басшыларымен және режиссерлермен бірге қарастырамыз», – деп уәде берді вице-министр.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#фонограмма #заң #тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Eco Almaty» экология және ауа сапасы туралы танымдық бейнероликтер топтамасын ұсынды

Бүгін 14:08

Алексей Луценко – Азияның ең мықты велошабандозы

Бүгін 12:45

Головкин велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтады

Бүгін 12:40

Air Astana тобы Skytrax 2026-да бірқатар беделді марапаттарға ие болды

Бүгін 12:30

Санжар Әділов ММА-дан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді

Бүгін 12:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);