AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Европалық мамандар Қазақстан полицейлері жүргізіп...

Европалық мамандар Қазақстан полицейлері жүргізіп жатқан реформа барысымен танысты

Әлеумет 28.07.2021, 13:38 1,609 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Европалық мамандар Қазақстан полицейлері жүргізіп жатқан реформа барысымен танысты
Сурет: 24.kz.

Шетелдік мамандар қазақстандық әріптестеріне сәттілік тіледі.


Жуырда Ішкі істер министрлігінің М.Есболатов атындағы Алматы академиясында халықаралық терроризмге қарсы Еуропалық одақтың LEICA жобасының делегациясымен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жүздесу барысында Алматы академиясының бастығы А.Сайтбеков Орталық Азияда құқық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған жоба өкілдерін еліміздің ішкі істер органдарында жүріп жатқан реформа барысымен және соған орай аталған академияда қолға алынып жатқан табысты жұмыстармен таныстырды.


Шетелдік делегация атынан сөз алған Франция ішкі істер министрлігінің Ұлттық полиция академиясының халықаралық қатынастар және оқу ісі жөніндегі директоры Лоран Москателло қазақстандық әріптестеріне сәттілік тілеп, аталған жоба аясында ынтымақтастық орнатуға әзір екендіктерін жеткізді.


Еуропалық делегация өкілдеріне Алматы академиясы жайлы бейнеролик пен слайд көрсетілді. Академия аумағында француздардың Петанк ойынын ойнайтын алаңның ашылу салтанаты қонақтар үшін күтпеген тосын сый болды. Ойын алаңының лентасын академия басшысы А.Сайтбековпен бірге Франция ІІМ академиясының халықаралық қатынастар және оқу ісі жөніндегі директоры Лоран Москателло және LEICA жобасының директоры Генаэль Ле Бретон қиды.


Кездесу барысында Алматы академиясының басшылығы мен жоба өкілдері өзара ынтымақтастықты дамыту туралы келіссөздерге қол қойды. 


Шетелдік меймандар ҚР ІІМ Алматы академиясының аумағындағы генерал Мақан Есболатовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатына қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Қазақстан #Европа #Реформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);