Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Евгений Мұхамеджанов: «Көлік аз болса, ауа таза бо...

Евгений Мұхамеджанов: «Көлік аз болса, ауа таза болады»

Барлығы 30.12.2025, 15:24 357
Евгений Мұхамеджанов: «Көлік аз болса, ауа таза болады»
Сурет: Nur.kz

Эколог, ECO Network жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов тіпті ең заманауи автокөліктердің өзі ұсақ дисперсті шаңның көзі болып қала беретінін айтты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл 10 микроннан кіші бөлшектер ауаға көтеріліп, тыныс алу жолдарына еніп, денсаулыққа зиян келтіреді.

«Көлік аз болса, ауа таза болады», – деп сарапшы қала тұрғындарын мүмкіндігінше қоғамдық көлікке немесе велосипедке отыруға шақырды.

Әсіресе, орталықта тұратындар көліктен мүлде бас тарта алады. Алматының климаты мүмкіндік беретіндіктен, күндіз орталықтағы жұмысты қоғамдық көлікпен немесе жаяу бітіруге болады. Алғашқы болып жауапкершілік пен экосананы ауқатты азаматтар мен бизнес өкілдері көрсетуге тиіс.

«Лондонда жеке көлік қымбат әрі ыңғайсыз, Дубайда жүк көліктері тек түнде жүруге рұқсат алады, ал Бейжіңде қатаң шаралардың арқасында ластану деңгейі 55%-ға төмендеді. Бұл қалалардың барлығында сапалы қоғамдық көлік жүйесі құрылды», - деп ол нақты мысалдар келтірді.

Әсет Тазабеков: «ЖЭО мен жекеменшік моншалар – ластану деңгейіне айтарлықтай әсер етеді»

«Ренессанс плюс» компаниясының директоры Әсет Тазабековтің айтуынша, Алматы көшелерінде күн сайын 1 миллионнан астам автокөлік жүреді, олардың бір бөлігі экологиялық талаптарға сай келмейді. Ластанудың едәуір үлесін жылу электр орталықтары, соның ішінде жылына шамамен 39 мың тонна шығарынды бөлетін 1-ЖЭО бар.

«Егер газға көшсек, шығарындыларды жиырма есеге дейін азайтуға болады», – деді ол.

Сондай-ақ, сарапшы қатты отын пайдаланатын жекеменшік нысандардың әсерін айтты: қалада 13 мыңнан астам монша мен шамамен 500 кәуапхана бар. 

Райдин Қасымов: «Басты басымдық – автопаркті жаңарту»

Қазақстанның экологиялық аудиторлар палатасы оқу орталығының директоры Райдин Қасымов Алматыда атмосфералық ауаны қорғауға арналған жаңа ережелерді енгізуді қолдайды.

Оның айтуынша, шыққанына 12 жылдан асқан автокөліктерде уыттылық деңгейі 84%-ға дейін артады, ал бір ғана ақаулы көлік ластаушы заттың түріне қарай 6-14 есе көп зиянды қалдық шығарады.

«Алматыда мұндай көліктердің саны 80 мыңға дейін жетуі мүмкін, ал олардың қоршаған ортаға әсері 500 мыңнан 1 миллионға дейін жарамды көліктің үлесіне тең болуы мүмкін», – деді ол.

Шығарылатын заттардың қатарында көміртек тотығы, көмірсутектер, PM2.5 және PM10 бөлшектері, азот оксидтері бар. Бұл заттар әсіресе, балалар үшін өте қауіпті.

«Автопаркті жаңарту мен электр көліктерін дамыту – басым бағытқа айналуға тиіс», – деді сарапшы.

Елена Ерзакович: «Төмен шығарындылар аймағы – қала тұрғындарының әдетін өзгертуге мүмкіндік»

Көлік және экология саласының сарапшысы Елена Ерзаковичтің айтуынша, Алматыда төмен шығарындылар аймақтарын енгізу тұрғындардың көлікпен жүру дағдысын өзгертуге көмектеседі.

«Бұл жай ғана шектеу емес, қаланың болашағы туралы ойлануға берілген мүмкіндік», – дейді маман.

Ол үш негізгі қадамды бөліп көрсетті:

Қала ішінде қозғалысты азайту (пандемия кезіндегідей);  

Электромобильдер мен қоғамдық көлікті дамыту;  

Көліктің қоршаған ортаны азырақ ластайтын технологияларды жетілдіру.

«Кешенді тәсіл – ұзақ жол, бірақ ол қажет», – дейді Елена Ерзакович.

Оның айтуынша, бүгінде Алматыдағы автокөліктердің шамамен 15%-ы экологиялық талапқа сай келмейді, сондай-ақ, шығарындылардың едәуір бөлігі жылу электр орталықтары (ЖЭО) мен қатты отын пайдаланатын нысандардан бөлінеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көлік #ауа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кенеге қарсы күрес жүріп жатыр: мамандар осы жолы 2,3 мың гектар жерді дәрілеп шықпақшы

Бүгін 12:33

Қазақстанда құстың 20 жаңа түрі табылды

Бүгін 12:18

Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің қасбеті жаңарады

Бүгін 12:15

Марқұм Нұрай Серікбайдың ісі: күдікті психикалық емдеу орталығына жатқызылған

Бүгін 12:13

Қазақстанда кейбір кітаптарды сақтағандар жауапқа тартылмақ

Бүгін 12:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика