AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке...

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Алматы Бүгін 12:00 50 Сұлу
Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекенім» жобасы аясында «Толағай жолы: Әке мен бала» атты отбасылық эстафета жоғары деңгейде өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тағылымы мол шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдердің бойында жауапкершілік пен ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастыру болды.

Ауқымды шараға Алматы қаласының 8 ауданынан 10-сынып оқушылары әкелерімен бірге қатысып, жалпы саны 20 команда өзара бақ сынады. Эстафета барысында қатысушылар түрлі спорттық әрі логикалық кезеңдерден өтіп, ептілік, жылдамдық, төзімділік пен бірліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе әке мен баланың өзара түсіністігі мен қолдауы жарыстың басты ерекшелігіне айналды.

Шараның қазылар алқасы құрамында қоғам белсенділері мен сала мамандары болды. Қоғам белсендісі Сырым Әуезхан қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, отбасының қоғамдағы орнына ерекше тоқталды.

«Бүгінгі эстафета – әке мен бала арасындағы рухани байланысты бекемдейтін, ұлттық тәрбиені насихаттайтын маңызды алаң. Осындай шаралар арқылы өскелең ұрпақ жауапкершілікті, сыйластықты және отбасылық құндылықтарды бойына сіңіреді», – деп атап өтті ол.

Эстафетаның басты ерекшелігі – спорттық бәсекемен қатар тәрбиелік мазмұнның үйлесім табуы болды. Қатысушылар тек жеңіске ұмтылып қана қоймай, бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Әр кезең бәсеке мен бірліктің, отбасылық сенімнің маңызын айқын аңғартты.

Шара соңында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы директорының орынбасары Айнұр Рысқұлова сөз сөйлеп, мұндай бастамалардың қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Отбасы – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Әке мен бала арасындағы сыйластық пен сенім – мықты қоғамның негезі. Осындай жобалар арқылы біз жас буынның бойына жауапкершілік, патриоттық рух және салауатты өмір салтын қалыптастырамыз», – деді А. Рысқұлова.

Жарыс қорытындысында үздік шыққан командалар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жалпы айтқанда, «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қоғамда отбасы институтын нығайтуды көздеген мазмұнды да тағылымды жобаға айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әке мен бала #Эстафета
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 12:03

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:38

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06

Қазақстан Орталық Азиядағы суды ең үнемді тұтынатын ел атанды

Бүгін 10:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);