AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ескі көлікке салынатын салық азаяды

Ескі көлікке салынатын салық азаяды

Әлеумет 24.06.2024, 16:08 603 Almaty-akshamy.kz. 
Ескі көлікке салынатын салық азаяды
Сурет: Astanatv.kz

Елімізде ескі көліктерге салынатын салық азаяды. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Вице-министрдің айтуынша, кей көлік үшін салынатын салық екі есеге дейін қысқарады. Бұл өзгеріс жаңа Салық кодексінде айқындалған.

Жаңа Салық кодексінде көлік салығына қатысты өзгерістер бар. Пайдалану уақытына қарай салық мөлшері қайта қаралады. Көліктің шыққанына 10 жылдан асса, оған 30%-дық шегерім болады.  Егер автокөліктің пайдалану мерзімі 20 жылдан асса, 50%-дан аса шегерім жасалады. Яғни, ескі көлік иелеріне осындай жеңілдік қарастырылған. Бұл – бірінші. Екіншіден, автокөлік тіркеуде болмаса немесе жоғалып кетсе, бұл міндетті түрде құқық қорғау органдары арқылы рәсімделуге тиіс. Іс қозғалып, автокөліктің жоғалып кеткені туралы анықтама болса, көлік салық базасына қосылмайды, - дейді Ержан Біржанов.

Сондай-ақ вице-министр кәсібін тұрақты түрде жүргізбейтін азаматтардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей қалай салық төлейтінін айтты.

Тіркеусіз режим такси болып қызмет ететін, жөндеу жұмыстарын жүргізетін азаматтарға қатысты болып отыр. Оларда касса аппараты болмайды, түбіртекті электронды түрде береді. Қазір платформалық жұмыспен қамтамасыз ету жобасы іске асырылып, 12 мың такси жүргізушісі сол жобаға енгізіліп жатыр. Сол жобаны енді заңдастырып отырмыз. Оларды жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің қажеті жоқ. Олардың салық айналымын, табыс мөлшерін қосымша арқылы көре аламыз. Такси жүргізушісіне түскен тапсырыс пен түбіртектің бәрін алып отырмыз, - дейді вице-министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #әлеумет #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы төрінде астаналық камералық хор өнер көрсетті

Бүгін 14:59

Алматыда ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға Жеңіс күніне орай материалдық көмек көрсетілді

Бүгін 14:33

Роман Скляр президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Бүгін 12:40

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);