Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерлан Қарин: Президент ел дамуының ұзақ мерзімді к...

Ерлан Қарин: Президент ел дамуының ұзақ мерзімді күн тәртібін белгілеп берді

Әлеумет 17.06.2023, 10:49 1,047
Ерлан Қарин: Президент ел дамуының ұзақ мерзімді күн тәртібін белгілеп берді
Almaty-akshamy.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде қоғамның рухани дамуының перспективалары мен тұжырымдамалық бағдарын ғана айқындап берген жоқ. Сонымен қатар, еліміздің жаңа идеологиялық стратегиясын іске асырудың нақты қадамдарын ұсынды.


Бұл арада негізгі бірнеше бағытты атап өту керек.


Біріншіден, Мемлекет басшысы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды, ұлттық құндылықтарды одан әрі дамытуды, халқымыздың бірегейлігін нығайтуды идеологиялық жұмыстың басты басымдықтары ретінде айқындап берді. 


Екіншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап Тәуелсіздік мұраттары және патриотизм, еңбек пен білім культі, құқық пен тәртіп, адамгершілік пен жауапкершілік секілді құндылықтарды мақсатты түрде алға тартып келеді. Енді Президент бұл құндылықтарды "Әділетті Қазақстан – Берекелі қоғам – Адал азамат" атты бірыңғай тұжырымдамаға біріктіріп отыр.


Қоғамның жаңа әдебін қалыптастыру бағытындағы жұмыс өте ауқымды. Оны жүзеге асыруға мемлекет те, тұтас қоғам да, еліміздің әрбір азаматы да жауапкершілікпен қарауы қажет.


Үшіншіден, Мемлекет басшысы білім, ғылым, мәдениет салалары бойынша нақты жобалар ұсынды. Ал бұл – еліміздің идеологиялық бағытын дамытудың нақты бағдарламасы.


Сонымен қатар, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жөніндегі бастамаларды тез арада іске асыру мүмкін емес. Осылайша, Президент ел дамуының ұзақ мерзімді күн тәртібін белгілеп берді.


Төртіншіден, аталған бастаманың жұртшылыққа ұсынылған уақытын да ерекше атап өткен жөн. Біз қазір саяси реформалардың басым бөлігін жүзеге асыруды аяқтап, экономикада үлкен өзгерістерді бастайтын сәтте тұрмыз. Сондықтан Президенттің қоғамдық құндылықтарды нығайту туралы бастамасы дер кезінде көтеріліп отыр.


Жалпы алғанда, біз Президент реформаларының үш бағыттағы үйлесімділігін көріп отырмыз: саясат, экономика, идеология.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #құрылтай #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика