Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ержан Бабақұмаров рухани-түсіндіру жұмыстарын күше...

Ержан Бабақұмаров рухани-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Әлеумет 05.10.2021, 12:37 1,178
Ержан Бабақұмаров рухани-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта Дін істері басқармасының қалалық алқасын өткізді. Онда ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Н. Қиқымов баяндама жасады, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы», «Кеңес беру және оңалту орталығы» КММ ведомстволық бағынышты ұйымдардың басшылығы тыңдалды. Бүгінгі күні қалада 17 конфессия өкілі болып табылатын 184 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді. 115 ғибадат үйі қызмет көрсетеді, оның ішінде 52 мешіт, 20 православ шіркеуі мен соборлар. Дін саласында ағымдағы жылы 16 жоба іске асырылуда, 10 ҮЕҰ және өзге де ұйымдар тартылды.


Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мақсатында Алматыда діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы жұмыс істейді. Конфессиялар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің арасындағы сенімді қарым-қатынастарды дамытуға оң ықпал ететін түрлі мәдени, спорттық іс-шаралар мен жиналыстар өткізіледі.



Діни сауаттылықты арттыру, халықтың зайырлылық қағидаттарын және радикалды идеологияның зияндылығын түсіндіру үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жыл басынан бері 63 мың адамды қамтыған 507 іс-шара өткізілді, бұл 2020 жылға қарағанда 80%-ға артық. Діни ахуалды бағалау бойынша әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес халықтың дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдауы 89,1%-ды құрайды.



Алқа қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша рухани-түсіндіру жұмысын күшейтуді, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде мемлекеттік органдардың барлық мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимылын күшейтуді тапсырды.


Сонымен қатар, Дін істері басқармасы «Рухани жаңғыру» КММ және Алматы қаласы ҚМДБ филиалымен бірлесіп, азаматтардың туған өлкесін дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, оның ішінде әлеуметтік нысандар, мектептер, медициналық мекемелер салу жөніндегі жобаларды іске асыруға, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған «Туған жер» арнайы жобасына меценаттарды тарту бойынша бірлескен жұмыс жоспарланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #діністері #Бабақұмаров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика