Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ержан Бабақұмаров: Алматыда КВИ-ға қарсы іс-қимылд...

Ержан Бабақұмаров: Алматыда КВИ-ға қарсы іс-қимылдың тиімді моделі құрылды

Әлеумет 07.10.2021, 07:06 1,265
Ержан Бабақұмаров: Алматыда КВИ-ға қарсы іс-қимылдың тиімді моделі құрылды
almaty-akshamy.kz

Өткен жылдан бастап Алматыда коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты денсаулық сақтау саласындағы тәсілдер толығымен қайта қаралды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мегаполис әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы әкімі орынбасарының айтуынша, қалада "жедел жәрдемнің" ауруханаға жатқызудағы жалғыз «көмекшісі» ретіндегі рөлін өзгертуге; қалада дерт жұқтырғандардың ауырлығы мен эпидемия қарқынына қарай төсек-орындарды басқару үшін инфекциялық стационарлардың жұмысы үш эшелонға бөлінді.



«Алматыда МСАК жұмысы қайта жасақталды, онда 364 мобильді бригада құрылды және учаскелік дәрігерлердің әлеуеті күшейтілді, емханаларға қосымша 70 машина берілді. Өткен жылы құрылған Телемедицина орталығы арқылы пациенттерді үйде емдеуге бақылау жасалды», - деді Ержан Бабақұмаров. 



Әкім орынбасарының айтуынша, Алматыда өлім-жітіммен күресу үшін қаланың штаттан тыс бас реаниматологы бастаған бірыңғай реанимациялық топ жұмыс істеуде, ол қаланың барлық реанимацияларының жұмысына жетекшілік етеді.


Бұдан өзге, қалада тәуліктік қуаты 16 000 зерттеуге дейінгі 28 ПТР-зертхананың орталықтандырылған желісі (және 27 мыңға дейін ұлғайту мүмкіндігі бар), 14 ИФТ-зертхана жұмыс істейді. Сондай-ақ Алматыда 28 КТ-орталықтан тұратын жалпықалалық желісі құрылды.


Бұдан басқа, қаржы дәрілік заттар мен ЖҚҚ резервін құруға, жаппай вакциналауды ұйымдастыру үшін тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге, медицина қызметкерлеріне COVID-19 эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін үстемеақы төлеуге, Анестезиология және реаниматология орталығының жұмыс істеуіне және т. б. бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ковид #Бабақұмаров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Кеше 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Кеше 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Кеше 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Кеше 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Кеше 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика