Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев: Инклюзивті қаланы дамыту - біздің...

Ерболат Досаев: Инклюзивті қаланы дамыту - біздің басымдығымыз

Әлеумет 12.03.2024, 10:20 1,125
Ерболат Досаев: Инклюзивті қаланы дамыту - біздің басымдығымыз
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау – Алматы әкімдігінің басым міндеттерінің бірі.


Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі Кеңестің бірінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Бүгінде Алматыда ерекше қажеттіліктері бар 58 мыңнан астам адам тұрады, оның 9 мыңы – біздің балаларымыз. Әрбір азамат еркін дамуға, оқуға, жұмыс істеуге және біздің сүйікті қаламыздың дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік ала отырып, өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі маңызды», - деп атап өтті мегаполис басшысы. 



Мұндай инклюзивті ортаны құру әкімдік пен азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерін талап етеді. Ерболат Досаевтың айтуынша, басым мақсаттардың бірі – Алматыны инклюзивті, тең мүмкіндіктер қаласы ету. Өткен жылдан бастап осы бағытта белсенді қадамдар жасалуда. 



Еске салсақ, бюрократсыздандыру шараларын іске асыру аясында мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша екі консультативтік-кеңесші органның қызметін қайта форматтау және Алматы қаласының инклюзивті ортасын дамыту жөніндегі кеңес құру туралы шешім қабылданды. 


Кеңес төрағасы - Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, төрағаның орынбасарлары – әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпова және әкімнің штаттан тыс кеңесшісі Қасиет Омарова болды. Сондай-ақ, кеңес құрамына мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау саласындағы белгілі қоғам қайраткерлері Богдан Джепка, Татьяна Баклажанская, Майра Сүлеева, Әсия Ахтанова, Рауана Сағадиева және басқалар енді.


2023 жылдан бастап әкімдік жанынан қала әкімінің инклюзия жөніндегі штаттан тыс кеңесші институты сәтті енгізілді, кеңесшінің кеңсесі жұмыс істейді, онда қаланы басқарудың барлық аспектілеріне инклюзивті қағидаттарды енгізу жөніндегі команда жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Инклюзивті қала #ерекше қажеттілігі бар адамдар #әлеуметтік қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика