Наурызбай ауданында спорт инфрақұрылымы кеңейеді. Шұғыла және Ақжар шағынаудандарында тұрғындарға арналған 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Оның екеуі Шұғыла шағынауданында, біреуі Ақжар шағынауданында бой көтереді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Наурызбай ауданының әкімі Назира Асылбекқызы Тоғызбаева мәлімдеді.
Қазіргі уақытта аталған нысандардың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа спорт кешендері аудан тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысуына және белсенді өмір салтын ұстануына қосымша мүмкіндік береді.