конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек министрлігі комада жатқан науқастар үшін мүг...

Еңбек министрлігі комада жатқан науқастар үшін мүгедектікті рәсімдеу тәртібін жеңілдетті

Әлеумет 04.05.2026, 10:15 291 yakiya
Еңбек министрлігі комада жатқан науқастар үшін мүгедектікті рәсімдеу тәртібін жеңілдетті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету тәсілдерін қайта қарауда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осы мақсатта ведомство медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және мемлекеттік төлемдерді тағайындау қағидаларына өзгерістер әзірледі. Ұсынылып отырған түзетулер комада жатқан азаматтарға қатысты құжаттарды рәсімдеу тәртібін едәуір жеңілдетуді көздейді.

Енгізілетін өзгерістердің басты мақсаты – әкімшілік кедергілерді жою және азаматтардың мемлекет кепілдік берген әлеуметтік қолдау шараларына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. Бұған дейін мұндай жағдайларда құжат рәсімдеу процесі азаматтар үшін біраз қиындықтар туғызатын. Енді жаңа тәртіпке сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға өтініш беру құқығы науқастың жақын туыстарына немесе жұбайына заң жүзінде бекітіледі.

Бұл тәсіл бірқатар маңызды мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, комада жатқан азаматқа мүгедектік мәртебесін уақытылы белгілеу және мемлекеттік жәрдемақыны дер кезінде тағайындау жеңілдейді. Сонымен қатар ұсынылып отырған нормалар төлемдерді рәсімдеу үдерісін барынша ашық әрі қолжетімді етіп, аталған санаттағы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қазіргі уақытта бұйрық жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеуметтік қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);