AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды

Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды

Әлеумет 26.05.2023, 15:30 1,321 Almaty-akshamy
Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды
Сурет: Ашық дереккөз

Enbek HR қосымшасы мен hr.enbek.kz порталы Электрондық еңбек биржасының цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің бөлігі болып табылады


Қазақстанда Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ол hr.enbek.kz (бұдан әрі – Портал) еңбек ресурстары порталымен толық синхрондалған, бұл жұмыскерлерге смартфон арқылы еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттары туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді, делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан мәліметте.


Enbek HR мобильдік қосымшасында жеке кабинетте жұмыскерлер өздерінің еңбек шарттарын көре алады, жұмыс орнынан анықтаманы және жеке ісінен ақпаратты жүктей алады – фото, жеке куәлік, паспорт деректері, білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтер, 075/Е медициналық анықтама, психо/нарко/туб. диспансерлердегі есеп мәліметтері және т. б.


Қосымша арқылы немесе Порталдағы жеке кабинетте жұмыскер жұмысқа орналасу үшін электрондық жеке істі қалыптастыру мақсатында жұмыс берушіге аталған дербес деректерге қол жеткізуге өзінің келісімін растай алады.


Еңбек шарты бойынша маңызды емес мәліметтер анықталған жағдайда, қызметкердің еңбек шартының деректерін өзгертуге, еңбек шартын бұзу туралы ақпарат енгізуге немесе алып тастауға сұрау салу мүмкіндігі бар.


Сұрау салуды қалыптастыру үшін «еңбек шартын» таңдау, «деректерді бұзу, жою немесе өңдеу» әрекетін таңдау, міндетті мәліметтерді көрсету, растайтын құжатты (JPG, JPEG, PNG, PDF форматында) қоса беру және қосымшада SMS-хабарлама арқылы алынған кодпен растау қажет. Жоғарыда көрсетілген рәсімдерден кейін сұрау салу порталдағы жұмыс берушінің Жеке кабинетіне қарауға жіберіледі, жұмыс берушіден үш жұмыс күні ішінде іс-әрекет болмаған жағдайда уәкілетті орган сұрау салуды қарайды және үш жұмыс күні ішінде де шешім қабылдайды.


Қосымшаның қызметтерін пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген мобильді нөмірдің болуы жеткілікті. Егер қызметкер бұрын Порталда тіркелген болса, онда мобильді қосымшада қайта тіркеу талап етілмейді – авторизация портал үшін қолданыстағы логин мен парольмен жүзеге асырылады.


Enbek HR қосымшасы мен hr.enbek.kz порталы Электрондық еңбек биржасының цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің бөлігі болып табылады. Бұл экожүйе азаматтарды кәсіби жолында мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын ресімдеуге дейін сүйемелдейді. Бір есептік жазбасы бар азамат порталда немесе Enbek.kz қосымшасында жұмыс таба алады немесе мемлекеттік қызметтер мен жұмыспен қамту шараларын ала алады, Skills.Enbek.kz онлайн-оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйренеді, Business.Enbek.kz порталында бизнес ашуға мемлекеттік грант ала алады.


Enbek HR қосымшасы тегін және PlayMarket және AppStore дүкендерінде қолжетімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#HR #Мобильді қосымша #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);