AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері қазақ тілі...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері қазақ тілінде ән шырқады

Мәдениет Бүгін 14:01 25
Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері қазақ тілінде ән шырқады
dimashnews.com

Мыңдаған көрермен «Пай-пай, шіркін, ұмытылмас күн» деген жолдарды өз ана тілінде айтқандай жаңылмай шырқады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра отырып, Қазақстанның мәдениеті, қазақ тілі мен ұлттық дәстүрлерін әлемге жеткізеді. Музыкалық продюсер ретінде Димаш әр әнді дәстүрдің терең мазмұнын сақтай отырып, бүгінгі тыңдарманның талғамына сай заманауи үлгіде әзірлеген.

Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері осы әндерді бірге шырқап, қазақ тілін үйреніп, сүйікті әншісіне үнемі қолдау көрсетіп келеді. Меридадағы концертте де бұл үрдіс жалғасын тапты. Dears «Aqerke» әніне арнайы ақ түсті қатпарлы қағаздан жүрекшелер дайындап, оларды әуен ырғағымен тербетіп, ерекше қолдау көрсетті.

«Тіпті айтарға сөз таба алмай тұрмын, сіздерге мың алғыс! Бүгін менің үлкен армандарымның бірі орындалған күн. Бала кезімде Латын Америкасына келуді армандайтынмын. Арада жылдар өткенде Жаратқан маған осындай мүмкіндік берді. Бүгінгі концерт, ең алдымен, сіздердің арқаларыңызда өтті. Өзімді өте бақытты жан санаймын, өйткені менің осындай тыңдарманым бар. Қазақстанға келіңіздер, қонағым болыңыздар», — деп Димаш концертте өзінің ақжарма тілегін білдірді.

Келесі орындалған «TAU ISHSINDE» әні 2025 жылдың жазында алғаш премьерасы өткеннен бастап дүниежүзіндегі Dears қауымының ортақ әніне айналып үлгерді. Жанкүйерлер бұл әнді әр концертте Димашпен бірге орындап, дәстүрге айналдырды. Ән аяқталғаннан кейін де көрермендер әншіні сахнадан жібергісі келмей, бүкіл зал болып әнді хормен жалғастырды.

Дәстүрлі туындылармен қатар, Димаштың әртүрлі музыкалық стильде жазған қазақ тіліндегі авторлық әндері де әлем тыңдармандарының ықыласына бөленіп келеді. DIMENSIONS гастрольдік турының бағдарламасында оның ана тіліндегі «Dimensions», «Omir», «SAMGAU», «Moonlight». «ZHANA KUN» атты композиторлық туындылары орындалды.

Бүгін Меридада ұмытылмас күн туралы әнін орындау кезінде Димаш көрермендердің қолдауына ризашылығын білдіріп, екі елдің ынтымақтастығының нышаны ретінде Мексика мен Қазақстанның туларын аспанға көтеріп, желбіретті. Ал мыңдаған көрермен жиналған зал «Пай-пай, шіркін, ұмытылмас күн» деген жолдарды өз ана тілінде айтқандай жаңылмай шырқады.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш #Латын Америка #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда дыбыстар «көрмесі» ашылды

Бүгін 14:13

3 млн теңге жүлде қоры: Алматыда студенттерге арналған «ORTAQ 2026» байқауы өтеді

Бүгін 13:44

Шымкентте бейнебақылау камерасын сындырған азамат қамауға алынды

Бүгін 13:30

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);