AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Жетісу ауданындағы Қарасу өзенінің жағалауы жаңғыр...

Жетісу ауданындағы Қарасу өзенінің жағалауы жаңғырды

Алматы Бүгін 15:01 48
Жетісу ауданындағы Қарасу өзенінің жағалауы жаңғырды
Алматы әкімдігі

Жағалауда футбол мен волейбол, воркаут, балалар алаңдары, скейт-парк, ниндзя-парк, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Жетісу ауданында қараусыз жатқан өзен жағасы абаттандырылып, ұзындығы бір шақырымнан асатын серуен жолы ашылды.

Райымбек даңғылынан төмен түскен сайын тау жақтағы көк желекті саябақтар мен дәмханасы тізілген көшелер артта қалып, оның орнына қойма, базар, зауыттың ұзын қоршауы менмұндалайтыны мәлім. Жетісу – қаланың осы «төменгі» бөлігінің қақ ортасы. Ауданда 572 кәсіпорын бар, мегаполисте өндіріс орны бұдан көп аудан  жоқ.

Кеше қала әкімдігі осы ауданға қарасты «Кемел» шағынауданында жаңа жағалауды жұртқа таныстырды. Қарасу өзенінің бос жатқан жағалауы енді тұрғындар серуендейтін, спортпен шұғылданатын, тынығатын орынға айналды.

Бұл жердің бұрын қандай болғанын тұрғындар ұмыта қойған жоқ. Тамызда «Хабар» арнасы Қарасу бойындағы құрылысты түсіргенде осы жағаның бос жатқанын айтқан. Әкімдік өкілдері сонда өзен бойы болашақта тұрғындардың демалыс орнына айналады деп сендірген.

Арада үш ай өткенде құрылыс аяқталып, әкімдік нәтижесін жұртқа таныстырды. Ең әуелі өзеннің жағасы опырылмайтындай етіп нығайтылған, одан кейін жаяу жүретін аллеялар салынып, жолға тас төселген. Жасыл желек те аз емес: 500-ден жүзден астам ағаш, 1000-нан аса бұта мен сәндік өсімдік егілген. Оларды суарып тұру үшін автоматты жүйе орнатылған.

Жағалауда серуендеп қана қоймай, бой жазуға да болады. Футбол мен волейбол алаңы, скейт-парк, ниндзя-парк, воркаут алаңы бар. Бүлдіршіндерге екі ойын алаңы жасалған. Жай отырып тынығамын дегендерге маңайды тамашалайтын қарау алаңы мен көлеңкелі перголалар қойылған, ал суретке түскісі келгендер көбелек пен бұғы бейнесіндегі фотоаймаққа бара алады.

«Кемелдегі» жағалау – оңтүстік астанада жүзеге асырылған жалғыз-жарым жоба емес. Биыл Алматы өзендерінің жағалауын абаттандыру қарқынды жүріп жатыр десе болады. Бұған дейін жұрт жанынан мән бермей өте шығатын өзен-жылғалардың бойы бірінен соң бірі серуен орнына айналып келеді.

Қаңтарда Үлкен Алматы өзенінің Рысқұлов және Райымбек даңғылдарының арасындағы жағалауы ашылды. Өзен бойын түгел жаңғыртуға 8 млрд теңге қарастырылған. Қыркүйекте Есентайдың Бұқар жырау мен Тимирязев көшелерінің арасындағы бөлігі арт-маршрутқа айналды. Наурызбай ауданында Тастыбұлақ өзенінің екі жағалауын бойлай 1,4 шақырым серуен жолы салынып жатыр, оны желтоқсанда бітіру жоспарланған.

Қараусыз жатқан жерлерге жан бітіру де – осы жобаның бір тармағы. «Кемелден» екі күн бұрын, 10 қарашада, Түрксіб ауданының «Жас Қанат» шағынауданында скейт алаңы бар сквер пайдалануға берілді. Онда 20 мың шаршы метрден астам жер көгалдандырылып, 53 шам бағанасы орнатылған.

Жетісу ауданында да «Қарасу» – атқарылған көп жобаның бірі ғана. Аудан әкімі Құрасбек Садибеков 5 қарашадағы брифингте «Жетісу» саябағы  мен Қазыбаев көшесінің  жөнделіп біткенін мәлімдеген. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша қолға алынған 25 жобаның 18-і аяқталған, қалған жетеуін қарашаның аяғына дейін тапсыру көзделген.

Алматы тұрғыны Кәусар Маратқызы жаңа жағалаудың ашылғанына қуанышты екенін білдірді.

«Жоба орынды әрі дәл керек жерге салынған. Ең әуелі орнының дұрыс таңдалғанына қуандым. Тағы ұнағаны – мұнда әр жастағы адамға орын табылады. Скейт-парк пен ниндзя-паркке жасөспірімдер барады, ойын алаңына балалы отбасылар келеді, аллея мен перголада үлкен кісілер тынығады. Таңертеңнен кешке дейін адам үзілмейтін жер қаңырап қалмайды, ал жұрт көп жүретін жерде бұзақылық та аз болады. Камера мен патрульден де сенімді қорғаныс – осы. Сондай-ақ, суару жүйесінің бірден тартылғаны дұрыс болды. Әйтпесе Алматыда егілген көшеттердің көп ұзамай қурап қалатынын көріп жүрміз», – дейді ол.

Қарасу жағалауы абаттанған, сәнді, жайлы орынға айналды. Ендігі міндет – оны сол күйінде сақтап қалу. Егілген ағаштар көктеп, алаңдар күтімсіз қалмаса, «Кемел» тәжірибесі өзге шағынаудандарға да үлгі болмақ.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қалың өскен бұта мен бос жатқан аумақтың орнына: Алматыдағы Қарасу өзенінің жағалауы қалай өзгерді?

Бүгін 15:15

Тоқаев «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін 15:09

Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді

Бүгін 14:32

Алматыда дыбыстар «көрмесі» ашылды

Бүгін 14:13

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері қазақ тілінде ән шырқады

Бүгін 14:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);