AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатар...

Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді

Алматы Бүгін 14:32 36
Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді
Алматы әкімдігі

Бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы тау туризмі бағытындағы әлеуеті халықаралық деңгейде жоғары бағаланды. Қаланың танымал үш туристік орны 2026 жылғы беделді халықаралық The Worldworthy 100 рейтингіне еніп, әлемдегі ең үздік туристік бағыттар қатарына қосылды.

Кімасар шатқалы әлемдегі ең үздік 100 жаяу серуендеу бағыты арасында 56-орынға тұрақтаса, Бұтақты шатқалы 79-орынға жайғасты. Ал Shymbulak аспалы жолы әлемдегі үздік аспалы жолдар тізімінде 9-орын алып, алғашқы ондыққа енді.

Үш туристік нысан да The Worldworthy 100 рейтингінің лауреаты сертификатын иеленді. Бұл Алматының таулы аймақтарына шетелдік саяхатшылардың қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді.

The Worldworthy 100 – әлемнің көрнекті туристік орындарын саралайтын халықаралық редакциялық рейтинг. Оны әзірлеу барысында саяхатшылардың пікірі, халықаралық БАҚ-тағы жарияланымдар, туристік гидтердің ұсынымы мен ашық дереккөздердегі ақпараттар назарға алынады.

Алматы таулары жыл сайын миллиондаған туристі қабылдайды. 2026 жылдың қаңтарынан қазанына дейін Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына 1,6 миллионнан астам адам барған. Mastercard деректеріне сәйкес, 2025 жылы Shymbulak шетелдік туристер арасында Алматының ең танымал туристік орны атанды. Қаладағы туристік нысандарға жасалған шетелдік сапарлардың 30,62%-ы осы бағытқа тиесілі.

«Алматының бірден үш таулы туристік нысанының әлемдік үздік жүздікке енуі – қаламыздың туристік әлеуетінің жоғары бағаланғанын көрсететін маңызды жетістік. Бүгінде Алматы саяхатшыларды табиғатының көркемдігімен ғана емес, белсенді демалысқа арналған сан алуан мүмкіндігімен де қызықтырады. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы аясында қолжетімділік пен қауіпсіздікке, бірегей табиғатты сақтауға ерекше назар аудара отырып, тау туризмін дамытуды жалғастырамыз», – деді Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері.

Алматы тау кластері жобасын жүзеге асыру жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жоба аясында аспалы жол желісін дамыту, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және жыл бойы демалуға арналған жаңа мүмкіндіктер жасау көзделген.

Үш бірдей таулы туристік нысанның бірден халықаралық деңгейде жоғары бағалануы Алматының Орталық Азиядағы табиғат аясында демалу және белсенді туризм бойынша жетекші бағыттардың бірі ретіндегі орнын нығайта түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда дыбыстар «көрмесі» ашылды

Бүгін 14:13

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері қазақ тілінде ән шырқады

Бүгін 14:01

3 млн теңге жүлде қоры: Алматыда студенттерге арналған «ORTAQ 2026» байқауы өтеді

Бүгін 13:44

Шымкентте бейнебақылау камерасын сындырған азамат қамауға алынды

Бүгін 13:30

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);