конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек биржасында ұшқыштар ең жоғары жалақы сұраған

Еңбек биржасында ұшқыштар ең жоғары жалақы сұраған

Әлеумет Бүгін 11:44 30
Еңбек биржасында ұшқыштар ең жоғары жалақы сұраған

Олар шамамен 2,39 млн теңге жалақы алуды қалайтынын түйіндемеге жазған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шілдеде Қазақстанда жұмыс іздеушілер Enbek.kz электрондық еңбек биржасына 141,2 мың түйіндеме орналастырды. Бұл маусым айымен салыстырғанда 11,5%-ға көп. Ал жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын жариялаған.

Маусыммен салыстырғанда шілдеде бос жұмыс орындарының саны 3,8%-ға азайған. Бұл жаз мезгіліндегі еңбек нарығының маусымдық ерекшелігімен байланысты. Осы кезеңде оқу орындарының түлектері еңбек нарығына белсенді шығып, жұмыс іздеушілер саны артады.

Жұмыс күшіне сұраныс ең жоғары болған сала – білім беру. Мұнда 23,4 мың бос жұмыс орны жарияланған.

Сондай-ақ бос жұмыс орындары:

  • өзге қызметтер көрсету саласында – 16 мың;

  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 10,3 мың;

  • ауыл, орман және балық шаруашылығында – 8,2 мың;

  • өңдеу өнеркәсібінде – 6,8 мың;

  • құрылыста – 5,7 мың.

Өңірлер бойынша ең көп бос жұмыс орны Астана қаласында – 8,8 мың. Одан кейін Түркістан облысы – 7,6 мың, Павлодар облысы – 7,1 мың, Алматы қаласы – 7 мың және Ақмола облысы – 6,9 мың.

Шілдеде жарияланған түйіндемелердің 54%-ы 35 жасқа дейінгі азаматтарға тиесілі. 35–44 жастағылардың үлесі – 25%, 45–54 жастағылар – 14%, ал 55 жастан асқандар – 7%.

Гендерлік құрам бойынша түйіндемелердің 57%-ын әйелдер, 43%-ын ерлер орналастырған.

Біліктілік деңгейі бойынша түйіндемелердің 38%-ы орта деңгейдегі мамандарға, 38%-ы жоғары білікті мамандарға, 24%-ы төмен біліктілікті жұмыс іздеушілерге тиесілі.

Ең жоғары жалақыны кімдер күтеді

Шілдеде жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы лауазымына ұсынған – шамамен 1,12 млн теңге.

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспекторға шамамен 910 мың теңге, маркетинг пен өнімді өткізу бөлімінің бастығы орынбасарына шамамен 900 мың теңге ұсынылған.

Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны ұшқыштар күткен – шамамен 2,39 млн теңге. Стюардессалар шамамен 1,43 млн теңге, электр станциясының бастығы лауазымына үміткерлер шамамен 1,32 млн теңге жалақы күткен.

Жалпы, 2026 жылдың басынан бері Enbek.kz платформасында 709 мың бос жұмыс орны және 877,2 мың түйіндеме жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#түйіндеме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар Сұлтан Сүлейманмен кездеседі

Бүгін 12:10

Jas Vibe Алматы аудандарын аралап жүр: акцияға 5 мыңнан астам адам қатысты

Бүгін 11:59

Алматының Түрксіб ауданында демалыс күнгі жәрмеңке ашылады

Бүгін 11:27

4 миллионнан астам гүл мен жаңа арт-композициялар Алматының ажарын аша түсті

Бүгін 11:25

Елімізде бейнебақылау жүйелерінің алғашқы ұлттық стандарты бекітілді

Бүгін 11:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);