AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің қай аймағында "байлар" көп?

Еліміздің қай аймағында "байлар" көп?

Әлеумет 23.12.2025, 09:06 523 yakiya
Еліміздің қай аймағында "байлар" көп?
Сурет: интернеттен

Қазақстандықтардың арасындағы ең жоғары табыс Қарағанды облысында тіркелген, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының мәліметінше, үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қарағанды облысында ең ауқатты 10% тұрғын жан басына шаққанда айына орта есеппен 413 мың теңге табыс тапқан. Бұл – республикалық орташа көрсеткіштен 1,5 есе жоғары әрі елдің өзге өңірлеріндегі деңгейден де асып түседі.

Статистика халықты 10 тең топқа бөледі – ең кедейлерден ең ауқаттыларға дейін. Әңгіме дәл осы жоғарғы 10% туралы болып отыр. Мұндағы «байлық» шартты ұғым: жаз-күз айларында бұл топқа ену үшін айына кемінде 189 мың теңге табыс жеткілікті болған. Ал осы санаттағы ең жоғары табыс 1,9 млн теңгеге дейін жеткен.

Қарағанды облысы 2022 жылы есептеу әдістемесі өзгергеннен бері алғаш рет «байлардың» табысы бойынша көш бастады. Бұған дейін өңір тұрақты түрде алғашқы бестікке енгенімен, мұндай жоғары көрсеткіштер тіркелмеген – бұрын бұл топтағы орташа табыс шамамен 296 мың теңге деңгейінде болған. Сарапшылар табыстың күрт өсуі іріктеу ерекшеліктерімен байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Табыс көрсеткіштері 12 мың үй шаруашылығына жүргізілген сауалнама негізінде есептеледі, бұл жолы Қарағанды облысында әдеттегіден көп ауқатты респондент қамтылған болуы ықтимал.

Екінші орында – Павлодар облысы: айына 360,8 мың теңге. Бір жыл бұрын көш бастаған Астана үшінші орынға сырғыды – 353,3 мың теңге (бұрын 480 мың теңге болған). Алматы төртінші орында – 336,2 мың теңге.

Мұның алаңдатарлық қыры да бар. Қарағанды облысында ауқатты тұрғындардың табысы ең кедейлерге қарағанда 6,7 есе жоғары. Мұнан да үлкен айырмашылық тек Павлодар облысында байқалады – шамамен жеті есе. Ел бойынша орта есеппен «байлар» «кедейлерден» алты есе көп табыс табады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36

Көкшетауда көлік әйелді басып өлтірді

Бүгін 12:31

Бүгін – Аналар күні

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);