Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің оңтүстігінде ағын су тапшы болуы мүмкін

Еліміздің оңтүстігінде ағын су тапшы болуы мүмкін

Әлеумет 04.02.2022, 14:20 1,249
Еліміздің оңтүстігінде ағын су тапшы болуы мүмкін
Сурет: Otyrar.KZ

Көрші елден келеді деп болжанған 10,3 млрд текше метр судың орнына биыл 7,3 млрд текше метр су жеткізілуі мүмкін.


Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов еліміздің оңтүстік өңірлерінде ағын су тапшылығы болуы мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы су нысандарының жай-күйімен танысқан вице-министр көршілес елдегі Тоқтағұл қоймасында судың қоры жоспарлағаннан 1,6 млрд текше метрге кем жиналғанын жеткізді. Елімізге келеді деп болжанған 10,3 млрд текше метр судың орнына биыл 7,3 млрд текше метр су жеткізілуі мүмкін екенін айтып өтті. Салдарынан Шардара мен Көксарай су қоймаларындағы судың көлемі былтырғыға қарағанда 1 млрд текше метрге аз жиналып, Көксарай су қоймасында судың мөлшері тым төмен болады деген болжам бар. Осы қиындықтан шығу жолдарын талқылау кезінде Серік Қожаниязов диқандарға көктемгі жауын шашын аз болса ағын суды аз қажет ететін дақылдарға көшу керектігін ескертті.



«Биыл осы Көксарайсыз шығатын амалдар табуымыз керек. Міндетті түрде қосымша шара, оған жылдағы насосымыз бар, кезекке тұратынымыз бар. Суды көп талап ететін дақылдарды егуді азайту мәселесі бар дегендей. Екі ауданның төрт мыңдай гектар жерінде күріш егіледі. Биыл осы күрішті мейлінше екпеу керек. Өйткені мақта сияқты басқа дақылдарға су жетпейді. Сосын тағы бір қиындық Көксарайдың маңында 2,5 мың гектар жерге Арыс ауданының шаруалары дақыл егеді. Оларға биыл егін егуге жағдай болмайды. Сол себепті сондай қиыншылықтар болады. Дегенмен жағдай Үкіметтің жіті бақылауына алынып, көршілес елдермен келіссөздер жүргізіледі», - деді Серік Қожаниязов.



Тығырықтан шығудың жолдарын қарастырған мамандар Көксарайда су болмаса, бір ғана Шардараның суы Түркістан мен Қызылорда облыстарына жетпейді деп отыр. Сондықтан ағын су мәселесі бойынша өңірдегі жағдайды зерделеп, су тапшылығына байланысты қолға алынатын жұмыстарды пысықтап өтті. Вице-министр ағын су жеткізу алдымыздағы ақпан және наурыз айлары қарлы әрі жаңбырлы болса, жағдай реттелуі мүмкін екенін де атап өтті.



«Дегенмен біз биыл мейлінше суды аз қажет ететін көкөністер мен дақылдарды егіп, суды пайдалану тәртібін реттеуіміз қажет. Іссапарымызда облыс, аудан, қала әкімдіктерімен осы мәселе бойынша кеңесіп, тығырықтан шығатын жолдарды қарастырдық. Тиісті нұсқаулар берілді. Сырдария өзенінің суы бойынша үкіметаралық деңгейде қаралатын да мәселелер бар», – деді Серік Қожаниязов.



Айта кетейік, Түркістан облысында 44 су қоймасы, 105 магистралді канал, 1699 шаруашылықаралық және шаруашылықішілік арна, 1200-дей тік дренажды ұңғыма бар. Қазіргі таңда министрлік пен облыс әкімдігі тарапынан өңірде су үнемдеу технологияларын қолдану және оны жаппай енгізу бойынша ұйымдастыру, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оңтүстік #су #тапшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Корея президентінің арнайы өкілін қабылдады

Бүгін 15:32

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Бүгін 15:30

Алматыда тарихи матч: әуесқойлар мен алып клубтың кездесуі

Бүгін 15:26

"Енді қаңғыған иттер жүрмейді". Мәжілісте бұралқы ит иелерінің жауапкершілігі қалай күшейтілетіні түсіндірілді

Бүгін 15:02

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика