AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Әлеумет 09.02.2025, 10:14 920
Еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды
Сурет: Egemen.kz

Боран, тұман, көктайғақ.

9 ақпанда Қазақстанның 13 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Қызылордада да кей уақыттарда көктайғақ, тұман болады деп болжанады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с. Павлодарда да күндіз батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде  солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ болады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда да тұман түседі деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде солтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Көкшетауда да тұман болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндег екпіні 23 м/с дейін жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Боран #тұман #ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 19:01

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Бүгін 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Бүгін 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Бүгін 18:03

Алматы қаласында Белсенді ұзақ өмір орталықтары арасында қалалық үстел теннисі турнирі өтті

Бүгін 17:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);